"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

 10,7 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

19.08.2025
 10,7 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы негізі қаланған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры еліміздің білім, медицина саласының заман талабына сай дамуына, әлеуметтік-экономикалық бағытының өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келеді. Соның бір нақты дәлелі — осы мерзім аралығында Абай облысына 10,7 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген. Бұл қаржыға аталған қор халық көкейіндегі бірқатар маңызды жобаларды игеріп отыр. Сол мақсатта қайырымдылық қорының конференцияларын өткізуді де жолға қойған.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
«Semei tany»

Жақында  кезекті ІV конференция аясында «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының өкілдері, жоба жетекшілері облысымызға жұмыс сапарымен келіп, атқарған істерін БАҚ өкілдерінің назарына ұсынып, арнайы прес-тур өткізді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ортақ мақсатта үйлесім тапқан аталған қордың екі жобасы да өзектілігімен ерекшеленді.

Жобаның алғашқысы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғандықтан, Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қарасты Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына алдымен ат басын бұрдық. Мұнда ересектермен қатар 1 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалар да емделеді.  Жарық дүниенің есігін ашқаннан  тағдыр тауқыметіне тап болып, еркін ойнамақ түгілі, қимыл-қозғалысы қиынға айналған бейкүнә періштелердің қатарға қосылып, айналада өзін еркін ұстауы үшін алдымен арнайы арбалар, басқа да құрал-жабдықтардың көмегі зор екендігі түсінікті. Сырт көзге мүмкіндігі шектеулі  қалпында көрінгенімен, олардың қайсысы болмасын, өмірге құштарлығымен айналасындағы құбылыстарды да байқай алатындығын аңғардық. Тек олардың денсаулығын оңалтуға, күш-жігерін нығайтуға кешенді жаттығу, тұрақты ем-дом қажет. Мұндағы балалардың бірқатары анасымен бірге орналасса, енді бірі үйде мамандар бақылауында ем-шара қабылдайды.

— «Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері Абай облысында 10,7 млрд теңгеге 25 жобаны жүзеге асырды. Соның ішінде әлеуметтік оңалту бағытында 5 жоба бар. Оның жалпы сомасы 3 млн теңге. Біз бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында оңалту жобасы бойынша келдік. Бұл — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып отырған жобамыз. Оны еліміздің 4 аймағы бойынша қарастырдық. Олар: Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы. Семей қаласындағы осы оңалту орталығына «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауымен 35 миллион теңгеге 45 дана медициналық құрылғылар, қимыл-қозғалысты оңалту, жүруіне мүмкіндік беретін арбалар сатып алынды. Жобаның негізгі мақсаты – осындай медициналық көмекті ата-аналардың балаларына үйде де үздіксіз жалғастыруына жол ашу. Қазір сәбилерімен бірге оңалту орталығында орналасқан ата-аналар бір айдан бірнеше айға дейінгі аралықта тірек-қимыл арбаларын іске қосуды үйреніп, мамандар кеңесімен басқа да жаттығуларды меңгереді. Құрал-жабдықтар Англиядан алынған. Бұл құрал-жабдықтар белгілі бір уақытқа дейін үйде пайдалануға ата-аналарға беріледі. Нәтиже жақсарған соң орталыққа әкеліп тапсыруына немесе ары қарай да создырып пайдалануына болады,- дейді «Қазақстан халқына» қорының денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының аға жобалық менеджері Динара Нұрқасымова.

Абай облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының директоры Айқын Ерсінұлының айтуынша, мұнда ем қабылдап жатқан балаларға, ата-аналарға, І және ІІ топ мүгедектеріне барлық қолайлы жағдай қарастырылған.

— Біздің орталық 2023 жылы қолданысқа берілген. Орталықта 150 орын қарастырылған, оның 75-і мүмкіндігі шектеулі балаларға, 75-і ересектерге арналған. Қазір мұнда 110 қызмет алушы бар. Оның 67-і балалар болса, қалғаны — ересек адамдар. Ем қабылдаушылар бес уақыт құнары мол азықпен тамақтанады. Орталық заман талабына сай жаңа жабдықтармен жабдықталған. Барокамера, тоқпен емдеу бөлмелері жұмыс істеп тұр. Екі бассейн орналасқан. Басқа да қажетті медициналық көмектер көрсетіледі. Қызметімізге жүгінген ем қабылдаушылардың келген күнінен қазіргі уақытқа дейін біртіндеп оңалып келе жатқанын байқап отырамыз. Нәтижесін өздері де айтып отырады. Заңнамалық талапқа сай, әр қызмет алушы бір айдан алты айға дейін емделеді. Қазір үш ай мерзім ішінде оң нәтижесін сезініп отыр деп айта аламын,- дейді директор Айқын Ерсінұлы.

Орталықта емделіп жатқан балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі түсті ойыншықтар да жеткілікті екен. Оның қайсысын болсын ұстап көріп, қолына алуға талаптанып, оңалту арбасын сүйемелдеусіз өздігімен жүруіне де дәрігерлер үнемі назар аударады. Мамандар үшін маңыздысы- балаларға оң қабақ танытып, мейіріммен қарап, жылы сөзбен дем беру.

Оңалту орталығына баласын емдетуге әкелген көкпектілік Жайнагүл Дүйсебаева «Қазақстан халқына» қайырымдылық қолдауының игілігін көріп отырғанын, баласының денсаулығында оң өзгерістер бар екенін айтып, қор мен мамандарға алғысын білдірді.

— Ұлым Нұрханның дүниеге келген сәттен қимылдауы қиын болды. Осы орталықтың бар екенін бір жастан асқанда естіп,  сәбиімді алып келдім. Одан кейін осындағы медицина мамандарынан ем-дом қабылдай жүріп, ерекшелігі бар балаларға арналған арбаны таңдап алдық. Қазір оның баламның денсаулығына пайдасын көріп отырмын. Балама мүгедектік диагнозы қойылғанымен, алғашқыда қандай арба алу керектігін білмей қиналдық. Сөйтіп жүргенде орталықтағы мамандардан арнайы жоба барын естіп, қатысуға келісіп, қуана-қуана кезекке тұрдық. Қазір балам арбада емін-еркін отыра алады, өзін жақсы сезінеді. Тіпті қабырғаға сүйеніп жүруге талпынады. Бұл қиын күндер де артта қалар деп ойлаймын. Қазір баламды үйде күтіп-бағуыма, арбамен жүріп-тұруына қолым жеткеніне ерекше қуаныштымын. «Қазақстан халқына» қорының үй жағдайындағы балалардың қимыл-қозғалысын оңалтуға арналған жобасының мен сияқты ата-аналар үшін маңызы айрықша болды. Осындай қиын сәтте демеу болған жоба жетекшілеріне, орталық мамандарына алғысым шексіз,- дейді Жайнагүл ана.

Бұл орталықта, Семей, Курчатов қалалармен қатар, Абай, Бесқарағай, Көкпекті, тағы да басқа аудандардан келген ата-аналардың балаларын емдетіп жатқанын көрдік. Барлығының көздерінен балаларының болашағына деген алаңдаушылықтан гөрі, үміт пен сенімнің сәулесі анық байқалады.

Баспасөз туры аясындағы сапарымыз Бородулиха ауданы орталығындағы Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ мектебінде жалғасты. 2001 жылы ашылған бұл білім ошағы қазіргі күнде Абай облысындағы үздік мектептердің қатарында. Мектеп директоры Балғын Нұрланқызының айтуынша, «Қазақстан халқына» қорының қолдауы аясында оқушылардың білімге ынтасы, еңбекке талпынысы артып, тіпті ғылыми табыстарға қол жеткізулеріне кеңінен жол ашылып отыр.

— Оқушылардың жан-жақты шығармашылық ізденуіне, қатарластарымен білім мен ғылым бәсекесіне қабілетті болуына, жалпы, баланың дарын-қабілетінің ашылуына мүмкіндік туғызған «Қазақстан халқына» қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы біз үшін үлкен қадам болды. Пән кабинеттерінің талапқа сай қазіргі технологиямен жабдықталуы мектебіміздің білім сайыстарында алдыңғы орындардан көрінуіне мүмкіндік беріп отыр. Әрине, бұл жоба, бізге берген үлкен мүмкіндіктерімен қатар, зор жауапкершілік те жүктейді. Осы бағытта жылына бірнеше рет Астана қаласына барып, жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы кездесулерге қатысып, тәжірибемізді, жетістіктерімізді бөлісеміз. Бұған дейін де «Мектебіңді өзгерткің келсе» жобасы аясында ұстаздарымызды тағылымдамаға жіберіп, жаңа әдістемелермен танысуға мүмкіндік жасадық. Бүгінде өзге мектептермен тәжірибе алмасу арқылы тың бастамаларды қолға алып жатырмыз. Қазақта «Ауылдан ұзамағанның ақылы ауладан аспайды» деген сөз бар. Сондықтан үздіксіз даму мен кәсіби ізденіс үстіндеміз. Осы тұрғыда білім беру сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған «Қазақстан халқына» қорына ат салысып, еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін бала болашағына инвестиция құйып отырған азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді мектеп директоры Б.Бекетай.

Мектеп ішін аралай жүріп, оқу маусымы басталмаса да балалардың өз еркімен келіп, түрлі бұйымдар жасауға талпынып жүргендеріне куә болдық.  Бұл балалардың демалыс уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін ортаның бар екенін көрсетеді. Мәселен, еңбек кабинетінде ұлдар тақтайшаларға күйдіру аппараты арқылы аң-құстардың, белгілі тұлғалардың бейнесін өрнектеп салса, қыздар жүн түтіп, түрлі түстерге бояп, маталардан жұмсақ ойыншықтар жасауды меңгеріп жүр. «Алдағы уақытта балаларымыздың жасаған бұйымдарына сұраныс болып жатса, оқушаларымыз адал еңбегін табыс табу жолына айналдырса, тіптен жақсы ғой. Өзіне қажеттіге сол арқылы қаржы тапса, несі айып?» — мектеп басшысының бұл сөзі де қисынды.

Мектепте сонымен қатар робототехника, «STEM Laboratory» кабинеттері де заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. «STEM Laboratory» зертханасының ерекшелігі – бұл жерде биология, химия, жаратылыстану, информатика секілді пәндердің мұғалімдері өз сабақтарын тәжірибемен ұштастыра отырып жүргізе алады. Бұған қоса, оқушылар бос уақытында жетекшілерімен бірге келіп, ғылыми жобалар жасап, жаңалық ашуға талпынады. Бұл, әрине, қазақ баласының ғылымның күрделі салаларын  мектеп қабырғасынан бастап игеруіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Мектепте оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған студия да ашылған. Мұнда балалар дұрыс сөйлеу, дауыс қою, мәнерлеп оқу дағдыларын меңгереді. Бұл оқушылардың болашақта өз ойын ашық әрі сауатты жеткізе алатын сенімді тұлға болып қалыптасуларына ықпал етері анық.

Тоқ етерін айтқанда, Ә.Бөкейхан атындағы мектепте оқушылардың рухани, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамытуға жан-жақты жағдай жасалған. Осы тұрғыда мектеп директоры Балғын Бекетайдың педагогтік ізденісін, оқу процесіне жаңалық енгізуге құштарлығын қуана құптауға болады. Педагогикалық ұжымның алға қойған мақсаттарының жүзеге асуына қолдау көрсеткен «Қазақстан халқына» қоры жобаларының маңызы зор екендігіне осы мектепке барғанымызда тағы бір мәрте көз жеткіздік.

– Бұл мектеп біздің Білімді дамыту қорымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан жоба аясында қолдауға ие болды. Қор жалпы Қазақстан бойынша 17 өңірдегі 135 тірек мектепке қаржылай қолдау көрсетті. Әр мектепке 250 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Абай облысы бойынша 7 тірек мектеп заманауи технологиялармен жабдықталды. Жалпы сомасы 1,7 миллиард теңге қаржыға робототехника, биология, химия, еңбек, информатика және басқа да пәндер бойынша қажетті құрал-жабдықтар алынды. Жобаның басты мақсаты – ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын жақсартуға ықпал ету, – дейді «Қазақстан халқына» қорының денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының аға жобалық менеджері Динара Ерікқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Тараптар өнеркәсіп, құрылыс,...

Толығырақ...Details

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

15.11.2025
Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді – Біздің қарым-қатынастарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

– Қазақстанда мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және IT технологияларды дамытуға баса мән...

Толығырақ...Details

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

15.11.2025
Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады. Сонымен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

15.11.2025
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

– Өзара ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануды құптаймыз. Сондықтан осы бағытта табанды еңбек етуге дайын екенімізді айттық. Ең әуелі, сауда-экономика саласына...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

15.11.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

10 часов бұрын

Өзбекстан Президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды

10 часов бұрын

Президенттің пікірінше, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестік перспективті бағыттың бірі саналады

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді

10 часов бұрын

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

10 часов бұрын

Алпыс жыл эфирде: «SEMEI» телеарнасы мерейтойын атап өтті

1 день бұрын

«Бағалы заттарын алып кеткен»: Болат Назарбаевтың туыстарының үйіне ұры түскен хабарланды

1 день бұрын

Аида Балаева Орталық Азия министрлерінің кездесуінде креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС