"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли: Мектептер 25 тамызға дейін толық дайын болуы тиіс

19.08.2025
Берік Уәли: Мектептер 25 тамызға дейін толық дайын болуы тиіс
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында 2025–2026 оқу жылына дайындық барысы және «Қарызсыз қоғам 2» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Отырысқа облыстық басқармалар, өңірлік департаменттер басшылары мен аудан, қала әкімдері онлайн қосылды.

Білім басқармасының басшысы Бауыржан Төленов өңірдегі 758 білім ұйымында 166 мыңнан астам баланың оқитынын, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 10 155 оқушы қабылданатынын мәлімдеді. 2023–2029 жылдарға арналған білімді дамыту жол картасы аясында үш апатты мектептің құрылыс жұмыстары басталды, «Келешек мектептері» жобасымен 1500 орындық екі мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы екі мектеп ашылады. Семейде қосымша 1000 орындық ғимарат салынып жатыр, 300 орындық жаңа мектептің құрылысы да қолға алынады.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 365 балабақшада 25 мыңнан астам бала тәрбиеленуде: 3–6 жастағыларды қамту – 100%, 2–6 жас – 90,9%. Кезекте 5,8 мың бала бар. Биыл жекеменшік сектор есебінен 2470 жаңа орын ашылып, Мақаншыда 140 орындық балабақша іске қосылды. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жыл соңына дейін Оқушылар сарайы мен Қарашоқы шатқалындағы лагерь ашылмақ.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 33 колледжде 21 139 студент оқиды, 159 мамандық пен 294 біліктілік бойынша сабақ беріледі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 43 мамандандырылған сынып ашылды. Кадрлық құрамды нығайту үшін «1000 көшбасшы» жобасы жүріп жатыр: осы бастама бойынша 22 мектепке жаңа директорлар тағайындалады. Әлеуметтік қолдау бағытында «Мектепке жол» акциясымен 1555 балаға материалдық, 52 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

Аймақ басшысы білім нысандарын жаңа оқу жылына толық дайындауды тапсырды: жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтау, қажет болса үш ауысымды қарастыру, жылыту маусымына сақадай сай болу, мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін және білім ошақтарындағы қауіпсіздік жүйелерін күшейту. Сонымен бірге 1 қыркүйектен бастап жол ережелері бойынша рейдтер ұйымдастыру, буллингтің алдын алу түсіндіру жұмыстарын жандандыру жүктелді. «Водныйдағы жаңа мектепке асфальт жабындысы төселіп, жол салынуы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда», – деді Берік Уәли.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫБерік Уәлибілім беружаңа оқу жылымектептер

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

19 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

19 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

19 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС