"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Үлгілі ауыл» байқауы мәресіне жетті

Көкпекті ауданында ұйымдастырылған  «Үлгілі ауыл» байқауы мәресіне жетті.

19.08.2025
«Үлгілі ауыл» байқауы мәресіне жетті
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкпекті

Биылғы жаздың басында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланған болатын.

Маусым айында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың өкімімен байқаудың ережесі бекіліп, жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Ауылдардың санитарлық жағдайы, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары — көшеттер отырғызу және олардың күтімі; мекемелер, дүкендер, тұрғын үйлер мен қоршаулардың көрінісі, түнгі жарықтандыру деңгейі; жолдардың сапасы мен көше тазалығы; шағын архитектуралық нысандар мен демалыс алаңдарының жай-күйі; қоқыс полигондары мен тұрмыстық қалдықтарды шығару тәртібі; көше бойындағы бағаналар мен үгіт-насихат материалдарының реттелуі бойынша сынға түскен байқау қорытындысы бойынша Теректі ауылдық округі үздік шығып, бірінші орынды иеленді.

Жұмыс тобы барлық ауылдық округтерге арнайы сапарлар ұйымдастырып, үздіктерді анықтаған еді. Өткен аптада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Қайратұлы бастаған жұмыс тобы байқау қорытындысын жариялап, үздік ауылдар салтанатты түрде марапатталды.

«Үлгілі ауыл» атанған Теректі ауылдық округіне 20 млн теңгенің сертификаты табысталды.  Екінші орынды Тассай ауылдық округі жеңіп алып, 10 млн теңге, үшінші орынды Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ иеленіп, 5 млн теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Айта кету керек, биылғы байқауға Көкпекті ауылдық округі қатыстырылған жоқ.

Бұл байқау ауылдар арасындағы салауатты бәсекелестікті арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін нығайтуды көздейді. Аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша,  байқау алдағы жылдары да жалғасын табады. Келесі жылы «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» және «Үлгілі мекеме» сияқты аталымдар қосылып, байқаудың ауқымы кеңейетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

5 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

5 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

6 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС