"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2 мыңнан астам адам қамтылды

19.08.2025
2 мыңнан астам адам қамтылды
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде өңірімізде 78 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің бастамасымен «Салауатты сана» жобасы аясында 2 032 адамды қамтыған 58 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Аналар кеңесінің мүшесі Айжан Қуанышбаева баяндады.

Аталған жоба қоғамдағы бес әлеуметтік дертке – нашақорлық, құмар ойынға тәуелділік (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдыққа қарсы кешенді күрес жүргізуге бағытталған. Жоба шеңберінде Аналар кеңестері мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық және профилактикалық жұмыстар атқаруда.

– Қазіргі таңда қоғамда нашақорлық, құмар ойынға әуестік, отбасындағы зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сынды әлеуметтік мәселелер өзекті болып отыр. Бұл проблемаларға бейжай қарауға болмайды. Біз, Аналар кеңесі, аталған мәселелермен жүйелі түрде күрес жүргізіп келеміз. Бұл – біздің басты міндетіміз, – деді Айжан Қуанышбаева.

Зиянды әдеттерге тәуелділік, бүгінде этникалық шығу тегі мен діни көзқарасына қарамастан, бүкіл қазақстандық қоғамға ортақ өзекті мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында: «Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресте маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз қоғам құру үшін бұл зиянды құбылыстардан түбегейлі арылуымыз қажет», – деп атап өткен болатын.

– Адамның еркін билеп, оны ессіз әрекетке итермелейтін зиянды әдеттер бүгінде талай тағдырды құртып, қоғамға үлкен зиян келтіруде. Мысалы, елімізде 400 мыңға жуық адам құмар ойынның құрбанына айналса, 200 мыңға жуық жасөспірім букмекерлік кеңселерде басқа адамдардың атымен бәс тігіп жүргені анықталған. Ажырасулардың 40 пайызына лудомания себеп болуда. Ал есірткіге тәуелділердің нақты саны ресми есептегіден әлдеқайда көп. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетіне үлкен сенім артып, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Салауатты сана» бастамасы іске қосылды, – деді спикер.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

5 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

6 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

6 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС