Semeytany.kz — Ақтауда жасөспірімдер арасында дәстүрлі садақ атудан Әлем чемпионатында Абай облысының намысын қорғаған Дарын Даутов үшінші орын жеңіп алды, деп хабарлайды Tura18.kz.
2025 жылдың 17-21 тамыз аралығында Ақтау қаласының Солдатский жағажайында дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатты ҚР Туризм және спорт министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт орталығы ұйымдастырды.
Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден және Қазақстанның ұлттық құрама командасы мен өңірлерден іріктелген 70-тен астам спортшы қатысты.
Жарыс екі нысана бойынша:
қалқан нысанасы (5 оқ – 5 мүмкіндік)
жамбы нысанасы (5 оқ – 5 мүмкіндік)
Чемпионатта 13-15 жас және 16-17 жас аралығындағы ұл-қыздар бақ сынады. Әр санат бойынша жүлделі орындар берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен марапатталды.
Қарт Каспийдің жағасында өткен дүбірлі бәсекеде Абай облысының намысын көкпектілік мергендер Дарын Даутов пен Дильназ Даутова қорғады. Ұлдар арасындағы бәсекеде Дарын жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Бұл дарынның әлемдік деңгейдегі жарыстан алған тұңғыш жүлдесі.