"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАРМЕН ТӘЖІРИБЕСІН БӨЛІСТІ

22.08.2025
ЖАСТАРМЕН ТӘЖІРИБЕСІН БӨЛІСТІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылына орай, Семей қаласындағы Достық үйінде маңызды кездесу өтті. Кездесуге еңбек арадагерлері, тәжірибелі мамандар және студент жастар қатысып, ойларын ортаға салды.

Бүгінгі таңда кез келген қалада сұранысқа ие мамандықтардың бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа саласына қатысты. Семейде ғимараттарды жылумен, сумен, электрмен үздіксіз қамтамасыз ететін кәсіпорындарда жүздеген адам жұмыс істейді. Одан өзге тазалау, абаттандыру және көгалдандыру, қоқыс шығару сияқты жұмыстарға адам қажеттігі байқалады. Сол себептен тұрғындары күнненкүнге артып келе жатқан қаламыздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жандандыру үнемі назарда болуға тиіс. Семейдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің «Жұмысшы мамандықтары – бүгінгі және болашақтың кәсіптері» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастыруы да осы мақсаттан туындаған еді. Кездесу барысында жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі, Бизнес және сервис жоғары колледжі, Электротехника колледжі, Көлік колледжінің студенттері өздерінің оқу орындары туралы айтып, білікті мамандарға сауалдарын қойды. «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының маманы Е.Леденева, «Семей – Водоканал» мекемесі қызметкері А.Муршел, «Семей Тазалық» ЖШС-нің білікті маманы В.Соловьев, тағы да басқа аға буын өкілдері өз тәжірибелерін бөлісті. – Өндірістік саладағы жұмыс орындары экономиканың іргетасы болып қала береді. Заманауи технология мен индустрияландыру қарқынды дамыған сайын олардың маңыздылығы артып келеді. Біздің мақсатымыз – жастарды болашақта өндірісітік салада жұмыс істеуге ынталандыру, – деп атап өтті Абай облыстық мәслихатының депутаты Рафаэль Хазипов. Бизнес және қызмет көрсету жоғары колледжінің студенті Жанна Байгерей барлық жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екенін, көптеген кәсіпорындарға жақсы маман қажет екендігіне тоқталды. – Мен «Тігін өндірісі» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Негізінен, осы мамандықтағы сәнгер болуды армандаймын. Барлығымыз үшін колледжде оқу — тек оқу ғана емес, тәжірибе жинақтап, шыңдалуға ұмтылу. Мен мамандығыма сай саланы дамытуға және танымал етуге көмектесетіндердің барлығына алғыс айтқым келеді,- деді Ж.Байгерей. Электротехника колледжінің студенті Аманәлі Рамазанов еліміздің нағыз болашағын қалыптастыруда жұмысшы мамандығын таңдаған жастар үшін маңызды екендігін айтты. ҚР ҚХА мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі Абай облыстық филиалы төрағасы Әнуар Алдынғұров та бұл бағыттағы мамандықтың болашағына сенімін білдірді. — Жұмысшы мамандықтары жылы – бұл еңбекке деген жаңа көзқарасты қалыптастыруға, өндірістік салада еңбек етіп жүрген мамандарды құрметтеуге жасалған нақты қадам деп білемін. Сондықтан студенттермен және өндіріс саласының өкілдерімен кездесу мен үшін өте пайдалы болды,- дейді Әнуар Алдынғұров. Шара соңында қатысқан қонақтарға Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбектің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Айман ШӘРІПХАНОВА

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

2 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

19 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

19 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС