"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тамақтан улануға қатысты 287 жағдай тіркелді

25.08.2025
Тамақтан улануға қатысты 287 жағдай тіркелді
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында өткен 7 ай ішінде ішек инфекциялары бойынша 287 жағдай тіркелген. Осыған байланысты қалада профилактикалық түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Чокушев пен басқарманың жетекші маманы Дана Төлендінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

— Біздің басты міндетіміз — халыққа ұсынылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын алу. Осыған байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Құс өнімдерін, жартылай дайын тағамдарды және кремді кондитерлік өнімдерді өндіруші мекемелер мамандарына арналған 3 семинар, сондай-ақ базарларда 6 акция ұйымдастырылып, «Тамақтан уланудың алдын алу», «Әр үйге — сапалы тамақ өнімдері» тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сауда орындарында 400-ден аса жаднама таратылып, өнімдердің сапасы зертханалық тексерулерден өткізілді,- деді Шыңғыс Чокушев.

Мамандардың айтуынша, қаладағы білім беру ұйымдарының асханалары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатаң бақылау орнатылған. Мектептер мен балабақшалардың асханаларында топтық улану фактілері тіркелмеген. Дегенмен жаз мезгілінде тамақтан улану деректері жиілейтіні белгілі. Бұған ауа температурасының жоғарылауы, микроорганизмдердің тез көбеюі және бақша дақылдарының пісіп-жетілу кезеңі әсер етеді. Көкөніс пен жемістерді жумай немесе тағамды өңдеусіз пайдалану балалар мен ересектер арасында инфекцияның көбеюіне әкеледі.

Басқарма тарапынан көше саудасына да тұрақты бақылау жүргізіліп келеді. Мамандар жабайы сауда орындарынан өнім сатып алу да денсаулыққа қауіп төндіретінін ескертеді. Әсіресе көше бойындағы, аялдамалар жанындағы  және ғимараттар маңында ұйымдастырылған жайма саудадағы өнімдердің санитарлық жағдайы тексерілмейді әрі тез бұзылатын тағамдардың сапасына еш кепілдік жоқ.

— Тамақтан уланудың себептерінің бірі – тамақ өнімдерінің сақтау шарттарының орындалмауы. Тамақ өнімдерін сақтау қоймаларында әр түрлі тағам түрлеріне арналған арнайы температуралық және ылғалдылық режимі сақталуы қажет. Тексеру барысында кейбір тағамдардың сақтау шарттары талапқа сай еместігі анықталды. Бұл тағам арқылы жұғатын аурулардың негізгі көзі болып табылады, — деді басқарманың жетекші маманы Дана Төленді.

Мамандар тұрғындарға азық-түлік сатып аларда бірнеше маңызды кеңес ұсынады: өнімнің сыртқы түрі мен иісіне назар аударыңыз; сатушыдан сапа сертификатын немесе басқа да құжаттарды талап етіңіз; сүт, ет, жеміс-жидек пен көкөністерді тек рұқсат етілген орындардан алыңыз; тағамның тоңазытқышта сақталғанына көз жеткізіңіз.

Әйгерім ҚАЛИАҚПАР

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 час бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

18 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

19 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС