"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢАРҒАН ЖАҢАСЕМЕЙ, ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ?

ОБЛЫС ӘКІМІ БҮГІНГІ АУДАН ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

26.08.2025
ЖАҢАРҒАН ЖАҢАСЕМЕЙ, ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ?
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына барып, бірнеше ауылдың әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралап, өзекті мәселелерімен жан-жақты танысты. Жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, білім беру саласының жай-күйіне де назар аударды.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
«Semeı tańy»

Аймақ басшысы әуелі Озерки ауылдық округіндегі жалпы орта білім беретін мектепте болды. Пайдалануға берілгеніне отыз жылдың жүзі болған мектепте 50 мұғалім еңбек етеді, 327 оқушы білім алады. Мектепалды даярлықта 23 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп ғимараты былтыр «Қазақстан халқына» қоры арқылы ағымдағы жөндеуден өткен. Білім мекемесінің шатыры, едені мен есіктері ауыстырылып, жылу қазандығына 3 жаңа пеш орнатылған. Барлық оқу кабинеттерінде интерактивті тақталар бар. Дегенмен бірқатар өзекті мәселелердің барын да жоққа шығаруға болмайды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған нысанды бейімдеуге пандус керек. Сонымен қатар мектептің қоршауына, кіреберіс және ойын алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрініп тұр.

ЖАҢАРҒАН ЖАҢАСЕМЕЙ, ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ?

Осы тұрғыда мектеп директоры Бақыт Қапасқызы аймақ басшысына аталған мәселелердің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады. Ғимаратты аралап көрген облыс әкімі білім ошағындағы түйткілді мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Осы жерде ауыл тұрғындары елді мекенге сапалы интернет орнату, мәдениет үйі мен спорт кешенін салу секілді бірқатар мәселелерді көтерді.

— Ауылымыздағы мектеп 1987 жылы Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Сағидолла Құбашевтың ықпалымен салынған еді. Содан бері елді мекенде ешқандай ғимарат салынбады. Қазіргі таңда спорт кешені мен мә дениет үйін салатын орын дайын тұр. Осы мәселенің шешілуіне кө мектессеңіз деген тілегіміз бар, – деді ауыл тұрғыны Қажымұхаммед Балуанов.

Аймақ басшысы елді мекенге тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.

— Озерки ауылының интернет мәселесін шешу үшін антенналық матчты құрылғы орнатылып жатыр. Келесі айда пайдалануға беріледі. Спорттық сауықтыру кешенін салуға қолдау білдіреміз. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп ұсыныңыздар, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Озерки балабақшасы» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. 1977 жылы салынған ғимарат 2024 жылы нысан қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген. Қазір бұл балабақшада 15 маман 3 топ құрамындағы 70 балаға тәрбие беріп отыр. Сондай-ақ балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған 4 оқу кабинеті жабдықталған. Облыс әкімі балабақша жұмысын оң бағалап, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруда үлесі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Жаңасемей ауданының әкіміне ойын алаңдарын салу үшін балабақша аумағын кеңейтуді тапсырды.

 

Озерки ауылында ағаш өңдеу комбинаты салынып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли Озерки ауылында салынып жатқан ағаш өңдеу комбинатының құрылысымен танысты. Индустриялық-инвестициялық жобаның жалпы аумағы 52 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 9 миллиард 580 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында басталған. Комбинат 2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда нысанда 50 адам құрылыс жұмыстарына тартылған. Өндіріс орны іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын, негізінен, ағаш-жоңқалы плита (АЖП), ламинатталған ағаш-жоңқалы плита (ЛАЖП), түйіршіктер (пеллет) және OSB (ориентирленген жоңқалы тақта) өндіретін болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде өңірде жаңа өндіріс орны ашылып, жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындары құрылады. Сонымен қатар облыстың экономикалық әлеуетін арттырып, ағаш өнімдері экспортына жол ашады. Облыс әкімі құрылыс басында инвесторлармен кездесіп, жобаның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

— Бұл жерде орман да, ағаш та, шикізат та бар. Өнім өндіруге қолайлы. Жаңадан құрылған Абай облысы шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс істеуге дайын. Жоба жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, өнімдерді саудалауға жол ашады. Инвесторларға көмектесеміз. Осындай бірлескен жобаларды жүзеге асыра беріңіздер. Болашақта өндіріс көлемін ұлғайтуға да болады. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі, – деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысымен тұңғыш рет кездесті

Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында Каштак және Половинка ауылдарының тұрғындарымен де кездесіп, екі елді мекеннің жағдайына қанықты. Бұл ауылдардағы ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе – интернет сапасының төмендігі, Семейге қатынайтын автобустың жоқтығы, балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі.

— Шағын елді мекен болсақ та, елеп-ескеріп, келгеніңізге рақмет. Осы ауылда 15 жылдан бері тұрып жатырмын. Облыс әкімі ешқашан келген емес. Өзекті мәселелеріміз шешімін табады деп сенеміз,- деді Каштак ауылының тұрғыны Гүлмира Серікбаева.

Половинка ауылының тұрғындары жол, ауыз су, медициналық пункт мәселесін көтерді. Аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, Каштак ауылына 2026 жылы жаңа балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр. Биыл Половинка ауылындағы балалар ойын алаңының тозған төсеніштері толықтай ауыстырылады. Аудан бюджеті есебінен ұзындығы 1100 метр ауылішілік көшеге қиыршық тас төгіліп, тегістеледі.

Екі ауылдың өзекті мәселелерімен жете танысқан аймақ басшысы аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

— Каштак ауылына интернет орнату бойынша ұсыныс беріңіздер. Автобус қатынасы мәселесін шешуді аудан әкіміне тапсырамын. Бұл – келесі айда шешілетін мәселе. Половинка ауылының ауыз су мәселесі жыл соңына дейін шешімін табады. Бұл ауылға келесі жылы сапалы интернет орнатылады. Каштак та, Половинка да – қалаға жақын орналасқан ауылдар. Өзекті мәселелер жүйелі түрде шешіледі. Бұл мәселелердің барлығын назарда ұстап, жеке бақылауыма аламын, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Берік Уәли бұдан кейін Жаңасемей ауданының Талица ауылындағы Талица жалпы негізгі білім беретін мектебіне барды. Мектеп 1974 жылы жатақхана ретінде салынған екі қабатты ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда 95 оқушы білім алуда. Болжам бойынша, алдағы бес жылда оқушылар саны 125-ке дейін артады. Сондықтан мектеп инфрақұрылымын кеңейту мәселесі өзекті.

Жалпы, мектеп инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылған. 2023 жылы мұржалар мен электр жүйесі жөнделіп, бейнебақылау іске қосылған. Өткен жылы қазандықтың шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілген. Бұл мектепте 24 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 4 педагог-зерттеуші, 7 педагог-сарапшы, 8 педагог-модератор және 1 жас маман бар. Бұдан бөлек, 7 техникалық қызметкер еңбек етуде. Талица мектебінде оқу ордасының ұжымы мен жергілікті тұрғындар аймақ басшысына 100 орындық жаңа мектеп салынса деген өтініштерін жеткізді. Өйткені бейімделген ғимарат білім беру стандарттарына сай емес. Ал спорт залы ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Сонымен қатар тұрғындар сапалы интернет орнату, фельдшерлік пункт салу, көшелерге жарық тарту, ауыз су, қалаға қатынайтын автобус бағытын ашу секілді мәселелерді көтерді.

— Талица мектебінде білім алушылардың саны жыл сайын артып келеді екен. Аудан әкімі жаңа мектеп салу бойынша мәселені зерттеп, ұсыныс беріңіздер. Қарастырайық. Интернет мәселесі келесі жылы шешіледі. Ауылға жыл соңына дейін ауыз су тартылады. Автобус қатынасы мәселесі осы маңдағы Каштак, Половинка сияқты ауылдарға да ортақ. Сондықтан бір бағытта қоғамдық көлік қатынайтын болады. Көшелерге жарық орнату, фельдшерлік пункт салу, басқа мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі, – деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ БАСПАНА БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

10.04.2026
СЕМЕЙДЕ БАСПАНА БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

Журналистік сараптама   Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі соңғы жылдары тұрақты экономикалық трендке айналды. Ресми деректерге сәйкес, баға өсімі инфляциядан...

Толығырақ...Details

Семейде медициналық қызмет көлемі артып, госпитальдық фармация енгізіледі

10.04.2026
Семейде медициналық қызмет көлемі артып, госпитальдық фармация енгізіледі

Семей қаласындағы медициналық мекемелердің жұмысы, жаңа бөлімшелердің ашылуы және дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселелері БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында айтылды. Шара...

Толығырақ...Details

Абай облысында денсаулық сақтау саласы тұрақты дамып келеді

10.04.2026
Абай облысында денсаулық сақтау саласы тұрақты дамып келеді

Абай облысында 2026 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалады. Өңірде мемлекеттік, жеке және ведомстволық секторларды...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалу барысын тексерді

10.04.2026
Олжас Бектенов Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалу барысын тексерді

Абай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыру, өңдеу...

Толығырақ...Details

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

10.04.2026
Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің басшылығымен қазақстандық әскери делегация Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болды. Қазақстандықтар Әзербайжанның...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Жиында 2026...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ БАСПАНА БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

33 минуты бұрын

Семейде медициналық қызмет көлемі артып, госпитальдық фармация енгізіледі

36 минут бұрын

Абай облысында денсаулық сақтау саласы тұрақты дамып келеді

38 минут бұрын

Олжас Бектенов Абай облысында индустриялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалу барысын тексерді

40 минут бұрын

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

46 минут бұрын

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

19 часов бұрын

Олжас Бектенов Абай облысының туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

19 часов бұрын

Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

19 часов бұрын

Семейдегі №7 емхана қызмет көлемін кеңейтіп келеді

22 часа бұрын

Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС