"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент: Қазақстан біртіндеп дамудың даңғыл жолына түсіп келеді

30.08.2025
Президент: Қазақстан біртіндеп дамудың даңғыл жолына түсіп келеді
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Қазір Қазақстанның барлық аймағында мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделуде. Әуежайлар мен көпірлер бой көтеріп, су нысандарының құрылысы басталып жатыр. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және басқа да маңызды инфрақұрылым салынуда. Жалпы Үкіметке инфрақұрылымдық құрылыстың сапасына баса мән беру қажет деген қатаң нұсқау берілді. Бұл мәселе Үкіметтің және құқық қорғау мекемелерінің бақылауында болады.

Елімізде жыл сайын көптеген өндіріс орыны ашылатын болды. Әсіресе, жоғары технология саласындағы кәсіпорындар іске қосылуда. Осылайша, біз ұлттық экономикамыздың мықты индустриялық негізін қалап жатырмыз. Инвестиция тартып, бизнеске қолайлы жағдай жасап, аймақтарды қолдау үшін жүйелі жұмыс істелуде. Соның нәтижесінде биылғы жеті айдағы экономикалық өсім 6 пайыздан асты. Мұның бәрі аяқ астынан пайда болған жоқ. Бұл – қажырлы еңбектің және табанды түрде жасалған түбегейлі реформалардың нәтижесі.

Жүйелі және үйлесімді жұмыс пен берекелі бірліктің арқасында еліміз жаңа кезеңге қадам басты. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан біртіндеп дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Енді бос сөзге берілмей, жан-жақты өркендеуге бастайтын осы бағдарымыздан айнымай, тек қана алға ұмтылуымыз керек. Сонда біз озық ойлы ұлт болып, теңдессіз табысқа қол жеткіземіз, биік белестерді бағындырамыз, — деді Президент.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Конституциямыздың әр бабын мүлтіксіз орындау баршаға ортақ міндет екенін баса айтты.

– Біз бәріміз төл тарихымызға қазақтың қайта жаңғыру дәуірінің өкілі ретінде енуге тиіспіз. Себебі бәріміз бір дәуірде өмір сүреміз, еліміздің болашағына бірге жауаптымыз. Біздің ұрпақ міндетті түрде үлкен жетістікке куә болып, табысқа жетуі керек. Балаларымыз бен немерелерімізге дамыған, өркениетті, құқықтық ел қалдыруымыз қажет. Бұл – біздің тарихи борышымыз. Осы мақсатқа жету үшін біз қазір Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Түптеп келгенде, бұл – ұлттық идеология.

Біздің басты міндетіміз – озық ойлы, бәсекеге қабілетті ұлт болу, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету. Сондықтан қазақ елінің қастерлі төлқұжаты – Конституциямыздың әр бабы мүлтіксіз орындалады. Бұл – баршаға ортақ міндет. Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа Жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөз соңында Президент қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

– Конституциямыздың 30 жылдығы – еліміз үшін тарихи меже. Бүгін арамызда Конституциямыздың алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар отыр. Соңғы конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсене атсалысқан бұрынғы депутаттар мен белгілі ғалымдар бар. Бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Мен Конституцияның 30 жылдығына орай мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдар бар, бір топ азаматты марапаттау туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға амандық, табыс тілеймін. Конституциямыздың айбыны асқақ болсын, — деді Президент.

Сонымен қатар жиында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа, Заң консультанттарының республикалық алқасының төрағасы Серік Ақылбай, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі, Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзін жариялаған едік. Онда Мемлекет басшысы осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

9 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

9 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 день бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС