"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ГҮЛДЕНГЕН ӨҢІРДІҢ ТІРЛІГІ НЫҚ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҮРЖАР АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

02.09.2025
ГҮЛДЕНГЕН ӨҢІРДІҢ ТІРЛІГІ НЫҚ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы тұрғындарға есеп берді. Жиында алдымен Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев 2024-2025 жылдардағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
«Semey tany»

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, шешімін күткен мәселелер және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы, инвестиция, жылу және ауыз су жүйелері, жол, тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларын қамтыған негізгі бағыттарға тоқталды.

Үржар ауданы — ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша облыста екінші орында.

Биыл ауданда 113 мың гектар егістік жер игерілген. Шаруаларды қолдау мақсатында «Кең дала – 2» бағдарламасы арқылы облыста 9,5 млрд теңге несие берілсе, соның 1,9 млрд теңгесі Үржар ауданының шаруашылық иелеріне бағытталғаны да бекер болмаса керек. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған 2028 жылға дейінгі инвестициялық жобалар картасы аясында Үржар ауданы бойынша 7,8 млрд теңгеге 9 жоба қолға алынғаны, жүзеге бастағаны қуантарлық нәтиже.

Дегенмен, Егінсу мен Барқытбел ауылдарындағы ұзаққа созылған жобаларды қайта іске қосу үшін қосымша қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін Үржар, Алтыншоқы, Науалы және Некрасовка ауылдарының көшелерін жарықтандыру аяқталатын болады. Облыста биыл 358 шақырым жол жөнделіп жатыр. Үржар ауданында Жоғарғы Егінсу, Жанай, Ақжар, Жаңа Тілек, Қарақол ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жасалды. Биыл облыс бойынша 1146 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарланған. Соның ішінде Үржар ауданында 114 пәтер тұрғындарға беріледі. Үржар ауданындағы Абай атындағы мектеп-балабақша мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ауданның 11 мектебі мен Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» лагері ағымдағы жөндеуден өтті. 7 мектепке пәндік кабинеттер, ал Бауыржан Момышұлы мектебіне 425 жаңа парта мен асхана жабдықтары сатып алынды. Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық клуб салынса, Үржар ауылында Мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Үржар аудандық ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар алынады. Жыл соңына дейін ауданда күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілмек.

-Үржар ауданына осымен төртінші мәрте келіп отырмын. Үржар – шежірелі тарихы мен еңбекқор халқы бар қасиетті мекен. Мұндағы мәселелермен жақсы таныспын. Әрине, ауданда атқарылатын жұмыс көп. Шешімін күткен мәселелер рет-ретімен, кезең-кезеңімен шешіледі», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Берік Уәли жиын барысында Үржар ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді көтерді. Үржар ауылының тұрғыны Айым Алтыбаева ұлының сирек кездесетін науқасына байланысты қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, Көкөзек ауылының тұрғындары ауылда жер, ауыз су, жол мәселелерінің өзекті екенін айтып, аймақ басшысының аталған түйткілдерге назар аударып, көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімі қабылдауда көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, аудан әкімі мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.

-Көтерілген мәселелердің барлығы да маңызды. Бүгінгі қабылдауда әсіресе денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтар көп болды. Биыл облыс бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуге, медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражат қарастырдық. Оның ішінде Үржар аудандық ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар сатып алынады. Сондай-ақ Таскескен ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы, аудандағы өзекті проблемалар кезең-кезеңімен шешіледі. Әрбір мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ

Облыс әкімі бұл сапарында бірқұатар ауылдарға арнайы барып, тыныс-тіршілігімен таныстиы. Табиғаты тамсандыратын, топырағы құнарлы сондай ауылдың бірі – Көлденең екені рас. Осы ауылдағы «Юбилейный» шаруа қожалығының ісін жолға қойған Мамырбек Бақтығазыұлының туған жеріне, ауыл халқына жасап отырған жақсылығы тіптиен мол. Құрылғанына 30 жылдың жүзі болған шаруашылықта 100-ге жуық адам еңбек етеді. Шаруашылықтың жер көлемі 17 387 гектар. Оның ішінде 5 мың гектары егістік, 602 гектары шабындық, 11785 гектары жайылымдық жер. Шаруашылықтың егістік алқаптарында бидай, арпа, сұлы, күнбағыс жайқалып тұр.

Қожалықта мал шаруашылығы да қатар дамып келеді. Мұндағы жалпы мал саны 752 бас. Оның ішінде 40 ірі қара, 500 жылқы, 200 қой-ешкі, 12 бас түйе бар. Ірі істері іркілместен жүріп жатқан «Юбилейный» шаруашылығындағы 60 техниканың барлығы да заман талабына сай. Оның ішінде 30 трактор, 6 комбайн, «Джуля» себу кешені, тұман бүріккіші, «АГС» маркалы топырақ тегістегіштер, «Макино» сығымдағыштары және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. Қожалық басшысы Мамырбек Қарашев Көлденең ауылының дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Жеке қаражатына ауылдық клуб, мешіт және қатымхана салып, халықтың игілігіне бергені де оның азаматтығын танытып тұрғаны сөзсіз. Әсіресе, серіктестік жұмысшыларының әлеуметтік жағдайына айрықша назар аударып, олардың әл-ауқатын жақсартуға күш салады.

«Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ірі қожалықтардың үлесі зор. «Юбилейный» серіктестігі егін және мал шаруашылығын қатар дамытып қана қоймай, ауылын дамытуға көмектесіп, әлеуметтік жауапкершілік танытып отырғаны қуантады. Бұл қожалықты жақсы білеміз. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз. Өйткені, мұндай үлгілі қожалықтар ауыл-аймақтың өркендеуіне тікелей ықпал етеді», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына барған сапарында Ақжар ауылына да ат басын бұрды. Аудан іргесіндегі, құрамына үш елдімекен кіретін Ақжар ауылында екі мыңнан астам халық тұрады. Ауылдағы 11 көшенің алтауына асфальт төселген. Жергілікті әкімдікттің мәліметіне сүйенсек, биыл 3,9 шақырым болатын 5 көшеге орташа жөндеу жүргізілген.

Қазіргі уақытта асфальт төселген көшелердің жол жиектерін бекіту жұмыстары атқөарылып жатыр. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен келісімшарт жасалып, тиісті тексеру жүргізілуде. Аяқталу мерзімі қыркүйектің соңы деп жоспарланып отыр. Аймақ басшысы ауылда жүргізілген жолдың сапасын бақылап, елді мекен тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді.

«Көп рахмет. Бұл – біз үшін үлкен жаңалық. Жолдың сапасы жақсы, жөндеу жұмыстары ойдағыдай жүргізілді», – деді ауыл ақсақалы Жұман Жыңғылбаев.

Аймақ басшысы биыл облыста 358 шақырым жол жөнделіп жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын айтты.

«Биыл Үржар ауданында Жоғарғы Егінсу, Жанай, Ақжар, Жаңа Тілек, Қарақол ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жасалды. Ақжар – Үржар ауданындағы үлкен елді мекендердің бірі. Бұл елді мекендегі негізгі көшелерге асфальт төселді. Келесі жылы ауылға сапалы интернет орнатылады. Аудандағы елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғыртамыз», – деді облыс әкімі.

5 ауыл ауыз сумен қамтылады

Үржар ауданының Қызылту ауылында 500-ден астам тұрғын бар. елдімекенге былтыр 6,5 шақырым су желісі тартылған. Биыл 7,3 шақырым желі, екі су көтеру ғимараты, су резервуарлары мен мұнарасы салынғаны ел асыға күткен жағымды жаңалық болғаны анық. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы орындалған. Нысан толық аяқталған соң ауылдың 160 абоненті, яғни 582 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Жалпы, Үржар ауданындағы 30 ауылда тұрғындар орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда Қызылтудан бөлек Барқытбел, Егінсу, Қазымбет, Ер Қабанбай ауылдарында су құбыры тартылып жатыр. Аталған ауылдарда жұмыстар аяқталған соң аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Аймақ басшысы Қызылту ауылындағы су жинау станциясын көрді. Аудан әкіміне қалған ауылдардағы су тарту жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бар. Облыс бойынша биыл 33 жоба іске асырылып жатыр. Үржар ауданындағы 2700 тұрғыны бар 5 елді-мекен тұрғындарын ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуы жеке бақылауымда болады», – деді облыс әкімі

Қосымша ғимарат салынып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барды. Ғимарат 2011 жылы пайдалануға берілген. Бұл мекемеде тірек-қимыл аппараты және психоневрологиялық ақаулары бар 3-18 жас аралығындағы 56 балаға стационар және жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Олар 6 топқа бөлініп, ақыл-есінің даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп оқытылады. Мұнда 29 педагог жұмыс істейді. Қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 түрлі әлеуметтік қызмет ұсынылады. Аймақ басшысы орталықты аралап, балалардың өнерін тамашалап, интерактивті тақтаның сертификатын табыстады. Балалар облыс әкіміне өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын тарту етті. Орталықта бірнеше мәселе бар. Медициналық блок пен асхана 170 метр қашықта орналасқан. Бұл, әсіресе қыс пен күз мезгілінде үлкен қиындық тудырады. Балалар сыртқа шығып тамақтанып, медициналық қызмет алуға мәжбүр. Арбалар мұзда жүруге бейімделмеген, көктайғақта жарақат алу қаупі жоғары. Мекемедегі осындай мәселелерді шешу мақсатында 2023 жылы орталық жанынан қосымша 2 қабатты ғимараттың құрылысы басталған. Нысан іске қосылса, 70-ке дейін баланы қамтуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы орталық жанынан салынып жатқан қосымша ғимаратты аралап, мердігерге жұмысты жауапкершілікпен орындап, құрылыс қарқынын арттырып, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Бұған дейін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы нысанда бірқатар кемшіліктерді анықтаған болатын. Мердігер компания сол кемшіліктерді жоюы қажет. Құрылыс басқармасы құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, ғимаратқа қосымша құрылғылар орнату бойынша ұсыныс беріңіздер» – деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ

02.09.2025
СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ

Абай облысы – қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің алтын қазынасы. Бұл өңірде ежелгі қоныстар мен тарихи ескерткіштер көптеп кездеседі. Соңғы...

Толығырақ...Details

ИНДИРА — НЕРУДЫҢ ҚЫЗЫ

02.09.2025
ИНДИРА — НЕРУДЫҢ ҚЫЗЫ

Джавахарлал Нерудың қызы Индира дүниеге келгенде, әкесі Британияға қарсы күресте жүрген еді. Әкесінің тәрбиесін көрген қыздың өмірлік көзқарасы да ағылшындарға...

Толығырақ...Details

ШӘМШІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИПЛОМАНТЫ АТАНДЫ

02.09.2025
ШӘМШІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИПЛОМАНТЫ АТАНДЫ

Тамыз айының соңында Жезқазған қаласында ХХХІІІ дәстүрлі республикалық «Ұлытау үні» фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтап, ел...

Толығырақ...Details

ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

02.09.2025
ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

Тамыздың 29-ы күні «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті»...

Толығырақ...Details

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР

02.09.2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР

Семей медициналық университетінде Б. Атшабаров атындағы XVII Халықаралық «Экология. Радиация. Денсаулық» ғылыми-практикалық конференциясы өз мәресіне жетті. Екі жылда бір рет...

Толығырақ...Details

Жылқы тұқымын шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

02.09.2025
Бесқарағай жылқысы жеке тұқым болуға жақындады: облыс әкімі селекция барысымен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамытумен айналысып жүрген кәсіпкермен және ғалымдармен кездесті. Кездесуге «Мукинов» шаруа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ

6 часов бұрын

ИНДИРА — НЕРУДЫҢ ҚЫЗЫ

6 часов бұрын

ШӘМШІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИПЛОМАНТЫ АТАНДЫ

6 часов бұрын

ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

6 часов бұрын

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР

7 часов бұрын

Жылқы тұқымын шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

7 часов бұрын

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА — ЖАҢА НЫСАН

7 часов бұрын

ГҮЛДЕНГЕН ӨҢІРДІҢ ТІРЛІГІ НЫҚ

7 часов бұрын

Абай облысы мен Тарбағатай серіктестігі кеңейеді: «Бақты–Аягөз» теміржолы күн тәртібінде

7 часов бұрын

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС