"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА — ЖАҢА НЫСАН

02.09.2025
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА — ЖАҢА НЫСАН
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Водный кентінде жаңа үлгідегі 600 орындық №52 мектеп биылғы оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім ордасының заманауи мүмкіндіктері өте жоғары. Жаңа үлгідегі 3 қабатты мектепте енді оқушылар жаңа бағытта білім алатын болады.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,
«Semey tany»

Бұл жаңа нысан  — Абай облысындағы үшінші, ал Семей қаласында бой көтерген екінші білім ошағы. Бұған дейін Қарағайлы шағынауданында 1200 орындық және Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілгені белгілі.

Білім күні мерекесіне орай өткізілген «Мектебім-мейірім мекені» атты нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты.

600 орындық білім мекемесінде спорт және акт залы, асхана, хореография залы, бастауыш және арнайы пән кабинеттері, STEM-зертханалар, робототехника кабинеті тағы да басқа қажеттіліктермен толықтай қамтылған. Сондай-ақ, мектеп ауласында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары мен жүгіру жолақтары да салынған. Оқушылар алдағы уақытта  кең ғимаратта ғана емес, озық технологиялармен қамтылған, заман талабына сай білім ордасында білім алады. Басты ерекшелігі бастауыш және орта буын оқушыларының ғимараттары жеке блокта орналасқан. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін арттырып, өз жастарына сай тыныш әрі ыңғайлы ортада білім алуға жасалған үлкен мүмкіндік. Әрбір сыныптарда заманауи технологиялармен жабдықталған кабинеттер де бар.

-Ардақты ағайын, құрметті ұстаздар, қадірменді ата-аналар және оқушылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында көптеген жаңа оқу орындары салынуда. Біздің өңірімізде де бірнеше білім нысандары бой көтерді. Ел ертеңін айқындайтын осындай келелі бастамалар арқылы балаларға қолайлы, қауіпсіз, заманауи білім беру мақсатындағы жүйелі қадамды көруге болады. Соның айқын көрінісі – бүгін Семей қаласының Водный кентінде бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп. Бұл – ұстаздың арманын, ата-ананың сенімін, баланың үмітін тоғыстырған ортақ қуаныш. Бүгінгі ашылған мектеп – болашаққа деген сенімнің символы. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!, – деді облыс әкімі Б.Уәли.

Жалпы, жаңа білім ордасында түрлі пәндер бойынша 28 заманауи оқу кабинеті балалар игілігіне беріліп отыр. Графика және модельдеу бөлмесі, ағаш және металл өңдеу цехтары, аспаздық және тігін шеберханалары да барлық баланы қызықтырары сөзсіз. Оқу процесі үшін 30 интерактивті панель, ноутбуктер, стационарлық компьютерлер және принтерлер орнатылған. Инклюзивті білім беру талаптарына сай ғимарат лифт, пандустар, тактильді жолақтар және арнайы санитарлық тораптармен жабдықталған. Ата-аналар мектептің кең әрі жарық кабинеттерін жоғары бағалап, мұндай білім ошағында балаларының білім алатынына өте қуанышты екендерін жеткізді.

-Немеремнің осы мектепте білім алатынына мен өте қуаныштымын. Себебі, мұнда барлық жағдай қарастырылған. Бастауыш сыныпта болса да алдағы уақытта қолдануға берілген барлық мүмкіндікті игеріп, осы мектептің қабырғасынан білімді де білікті оқушы болып шығатынына сенімдімін. Әр баланың осындай барлық жағынан қамтылған, барлық мүмкіндігі қарастырылған ортада оқығаны бізді қуантады. Осы аталған «Келешек мектептері» бастамасы уақыт өте келе барлық ескі мектептердің орынын басады деп сенеміз»,-дейді Света Тұрдығазықызы. Ал, бастауыш сынып оқушысы Балым Қанатқызы ескі мектептен жаңа білім ордасына ауысып, биылғы оқу жылын осы мектепте қарсы алатынына қуанышты екенін жеткізді. «Мен бұл мектепке ауысып келіп жатырмын. Алдағы уақытта өзіме жақын достар да тауып алармын. Ең бастысы білім алуымызға барлық жағдай жасалған. Бізге осындай мүмкіндік беріп отырған ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға алғысым шексіз» дейді Балым.

Жалпы «Келешек мектептері» жобасы аясында өңірде 5 жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілмек.

Ұқсас жаңалықтар

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

6 минут бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

16 минут бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

24 минуты бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС