"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР

02.09.2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей медициналық университетінде Б. Атшабаров атындағы XVII Халықаралық «Экология. Радиация. Денсаулық» ғылыми-практикалық конференциясы өз мәресіне жетті. Екі жылда бір рет өтетін конференция биыл да жоғары деңгейде өтіп, халықаралық ғылыми қауымдастықтың назарын аударды.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,

«Semey tany»

Маңызды шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің ресми өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар да арнайы шақырылып, Семей төрінде бас қосты.

Жапония, Түркия, Қытай, Канада, Ресей және өзге де алыс-жақын шет мемлекеттерден келген ғалымдар, жалпы саны 200-ден астам қатысушы ғылыми пікірталас алаңын толықтырды.

Бұл жолғы жиынның басты ерекшелігі тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік деңгейде өзекті саналатын радиациялық қауіпсіздік пен экологиялық ахуал мәселелеріне басымдық берілуінде болды. Қатысушылар радиация зардаптарының алдын алу, халық денсаулығын қорғау, клиникалық медицинадағы жаңа әдістер мен тәжірибелерді енгізу тақырыптарын кеңінен талқылады. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілтайұлы сөз алып, аймақ басшысының арнайы тілегін жеткізді.

Абай облыстық мәслихатының депутаты, «Полигон-21» комитеті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Құрманбай бұл күннің ел тарихындағы маңызына тоқталды.

— Алдымен барша Семей өңірін, Абай жұртшылығын «Полигон-21» комитеті қоғамдық бірлестігі атынан Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Семей ядролық сынақ полигоны өңіріміздегі ең күрделі әрі ауы тақырыптардың бірі екені шындық. Себебі, атом радияциясының зардабын көрген халықты медициналық және әлеуметтік оңалту мәселесі әлі де өте өзекті. Бұл қасірет қаншама мың адамның денсаулығына әсер еткенін жақсы білесіздер. Аймақтағы ағайын оның тауқыметін әлі күнге дейін тартып отыр. Радияцияның ең жағымсыз әсері атадан балаға яғни, ұрпаққа да беріліп отыр. Біздер қоғам белсенділері мен сіздердей ғалымдардың алдында әлі де зор міндеттер тұр. Соның негізгісі — тек радияциядан туындаған зардаппен ғана күрес емес, кешенді қолдау бағдарламаларын жасау. Атап айтқанда психологиялық көмек көрсетіп, өмір сапасын жақсартуға қажетті шараларды қамту,-деді Марат Серікжанұлы.

Осы конференция барысында ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерін ортаға салды. Нақтырақ айтқанда, радиациялық экология және қауіпсіздік – радиацияның қоршаған орта мен адам ағзасына әсері, алдын алу шаралары, онкология, қатерлі ісіктің диагностикасы мен емдеудегі жаңа тәсілдер таныстырылып, экологиялық қолайсыз аймақтарда халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімді жолдары талқыланды. Сондай-ақ, экоортадағы репродуктивті денсаулық пен бала денсаулығы – ұрпақ саулығына әсер ететін факторлар сараланды. Клиникалық медицина мен экология – экологиялық ахуалдың клиникалық практикаға ықпалы сөз болды және хирург пен реаниматолог тәжірибесіндегі сын-қатерлер – күрделі жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек тақырыптары көтеріліп, жас ғалымдар секциясы – жас ізденушілер өз зерттеулерін ұсынып, тәжірибелі мамандардан пікір алды.

Сонымен қатар, бұл конференция тек ғылыми жаңалықтарды талқылап қана қойған жоқ, тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Жиынға қатысқан жас ғалымдар тәжірибелі ұстаздарынан бағыт-бағдар алып, өздерінің алғашқы ғылыми нәтижелерін сарапшыларға ұсынды. Конференция барысында радиациялық экология мен денсаулық сақтау саласындағы нақты ғылыми деректер ұсынылып, болашақ зерттеу бағыттары айқындалды. Әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдардың бірлескен еңбектері халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін берді.

«Экология. Радиация. Денсаулық» конференциясы – тек медицина саласының ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды шара болды. Өйткені, экологиялық ахуал мен халық денсаулығы мәселелері әр елдің ғана емес, күллі адамзаттың ортақ мәселесі екені белгілі. Сондықтан мұндай халықаралық жиындар ғылыми қауымдастықты біріктіріп қана қоймай, ортақ шешім қабылдауға жол ашады.

Халықаралық маңыздағы бас қосуға қатысушылар алда да ғылыми байланыстарын нығайтып, жаңа жобаларға негіз қалауға уағдаласты. Қорыта айтқанда XVII Халықаралық «Экология. Радиация. Денсаулық» конференциясы ғылым мен тәжірибенің тоғысқан, әлемдік деңгейде өзекті мәселелердің шешімін іздейтін маңызды алаң болды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

14 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

14 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

22 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС