"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Курчатовтың серпінді жоспары: 2025–2029 жылдары 1,1 трлн теңгеге 76 жоба іске асады

03.09.2025
Курчатовтың серпінді жоспары: 2025–2029 жылдары 1,1 трлн теңгеге 76 жоба іске асады
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Курчатов қаласының даму жоспары, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясындағы жұмыстар және «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы талқыланды.

Кеңеске басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан-қала әкімдері бейнеконференция арқылы қосылды. Курчатов әкімі Болат Әбдіралиев моноқаланың ахуалы мен алдағы мақсаттарды баяндады: қалада 10 мыңнан астам тұрғын тұрады, олардың 20 пайыздан астамы қала құраушы мекеме – Ұлттық ядролық орталықта еңбек етеді. Қаланың кірісі тұрақты өсім үстінде: 2022 жылы 1,8 млрд теңге, 2023 жылы 2,1 млрд теңге, 2024 жылы 2,5 млрд теңге болып, биыл 3 млрд теңгеге жеткізу көзделген. Бұрын бюджеттің 70 пайызы бір кәсіпорынға тәуелді болса, бүгінде бұл үлес 48 пайызға дейін төмендеген.

Курчатовтың серпінді жоспары: 2025–2029 жылдары 1,1 трлн теңгеге 76 жоба іске асады Курчатовтың серпінді жоспары: 2025–2029 жылдары 1,1 трлн теңгеге 76 жоба іске асады

Әкімнің айтуынша, 2025–2029 жылдарға арналған жоспарға жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 76 жоба енген. Соның ішінде экономиканы әртараптандыратын 14 жоба, инфрақұрылымды жаңғыртатын 37 жоба және әлеуметтік саладағы 25 жоба қарастырылған.

Қала абаттандыруына да екпін берілуде. «Қазцинк» АҚ демеушілігімен жыл соңына дейін 8 аулаішілік жолға асфальт төселеді. Облыстық бюджет есебінен сүзгі-сорғы станциясына күрделі жөндеу жүріп жатыр. 8 қазандықты ауыстыру және кәріз желілерін жаңарту басталды. Жағалауды абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын салу, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту кезең-кезеңімен іске асады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы Курчатовтың моноқала ретіндегі ерекшеліктерін атап өтті: 2024 жылы салықтық түсім 3,8 млрд теңгеге жеткен, ал қала бюджеті 2023 жылмен салыстырғанда үш есеге ұлғайып, 4,9 млрд теңгені құрады. Балалар шығармашылығы үйі жаңартылып, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде.

Жиын қорытындысында аймақ басшысы Болат Әбдіралиевке әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын, жаңа жұмыс орындарын ашуды жандандыруды тапсырды. Тиісті басқармаларға қаланың даму индикаторларын тұрақты бақылауда ұстау жүктелді. «Курчатовтың әлеуеті зор. Ғылыми база мен жаңа өндірістер ашу инвестиция тартуға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады», – деді Берік Уәли.

Мақалада: 11 трлн теңгеАБАЙ ОБЛЫСЫБерік Уәлидаму жоспарыКурчатов

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

1 день бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

1 день бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

1 день бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

1 день бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

1 день бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

1 день бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

3 дня бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

3 дня бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС