"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

05.09.2025
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округы партия ко- митетінің хатшысы, Тачен қаласының мэрі Чжи Сяньвэй бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында Тарбағатай округі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамы- ту, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы алдымен екі елдің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің стратегиялық шешімдері қазақ-қытай ынтымақтастығына берік негіз қалап бергенін атап өтті. Сол себептен де осы кездесудің Мемлекет басшысының Қытайдағы сапарымен тұспа тұс келгенін символдық мәні бар екенін айтты. Абай облысының экономикасында Қытай аймақтарымен өзара іс-қимылдың үлесі зор. Мәселен, биылғы 7 айының қорытындысы бойынша облыстың тауар айналымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрап, жалпы сыртқы сауданың 85 пайызынан асты. Мамыр айында облыс делегациясы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысып, 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойды.

«Біз Президентіміздің «Қытай Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болды және солай болып қала береді. Біздің ынтымақтастығымыз – шынайы достық, тату көршілік және өзара қолдаудың үлгісі» деген сөзін әрдайым басшылыққа аламыз. Сондықтан өз деңгейімізде, өңірлеріміз арасындағы байланыстың нақты жүзеге асуына үлес қосады деп сенеміз. Біздің ортақ мүддемізге қатысты маңызды жобалардың бірі – «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы. Кеше ғана Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы мен «Чайна Коммюникэйшнс Констракшн» компаниясының президенті кездесті. Сол келіссөздерде бұл жоба жан-жақты талқыланып, оның іске асырылу барысы бойынша нақты міндеттемелер қабылданды. Теміржол желісінің стратегиялық маңызы зор. Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты күшейтіп қана қоймай, бүкіл өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады. Бұл бірінші кезекте Абай облысы мен Таченнің сауда қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймын. Біздің өзара диалогымыз жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Абай облысы мен Тарбағатай округы – географиялық көршілер ғана емес, сенімді серіктестер. Сіздің осы сапарыңыз екі өңір арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің нақты қадамы болады деп сенемін. Біз болашақта өз делегациямызбен сіздің өңіріңізге барып, тәжірибе алмасуға және даму бағыттарын бірлесіп талқылауға дайынбыз», – деді облыс әкімі.

Тарбағатай округы партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй «АягөзТачен» темір жол желісі мен Бақты кеден бекетінің өткізу пунктінің құрылысын жандандыруға, Алакөлде туризмді дамытуға, екі өңір арасындағы сауда-саттықты жолға қоюға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. «Делегация құрамында отызға жуық ірі компания өкілдері бар. Олар Абай облысына инвестиция құюға дайын. «Аягөз-Тачен» темір жол желісі бойынша бірлесе жұмыс істеуге әзірміз. Алакөлде қысқы туризмді дамытқымыз келеді. Бүгінгі кездесу Тарбағатай округі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймын. Сізді Тачен қаласына іссапармен келуге шақырамын» деді Тачен қаласының мэрі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

12 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

12 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

20 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС