"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда емхананы еркін таңдау науқаны басталды

13.09.2025
Қазақстанда емхананы еркін таңдау науқаны басталды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымын еркін таңдау науқаны басталды. Науқан екі айға жалғасып, 1 қарашада аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Айсұлу Саимова баяндады.

— Жыл сайын өтетін науқан қазақстандықтарға тіркелген емханасын ауыстыруға немесе өз учаскесінде дәрігерді қайта таңдауға мүмкіндік береді. Емханаға тіркелген азамат жалпы практика дәрігерінің қабылдауына, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге, скринингтік тексерулерден өтуге, зертханалық және аспаптық диагностикаларға қол жеткізе алады. Қажет болған жағдайда стационарға жатқызуға жолдама беріледі, — деді Айсұлу Саимова.

Поликлиникасын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрынғы тіркелген ұйымында қала береді. Дегенмен, мекенжайын, оқу орнын немесе жұмыс орнын ауыстырған жағдайда, сондай-ақ медициналық ұйым қайта ұйымдастырылғанда, жыл ішінде де емхананы өзгертуге болады.

— Қазіргі таңда облыстық филиалдың деректер базасында 33 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйым тіркелген, оның ішінде 20-сы мемлекеттік, 13-і – жеке меншік, — деп атап өтті “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” Абай облысы бойынша филиалының директоры Елмира Рахимбаева.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарымен қатар, елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер, қандастар, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері де медициналық ұйымға тіркелуге құқылы. Тіркеу ерікті немесе міндетті сақтандыру шарттарының негізінде жүзеге асады.

— Ерекше санаттағы азаматтар үшін қағаз түрінде тіркелу мүмкіндігі барын жеткізді. Олардың қатарына зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, әскери қызметшілер, колонияларда жазасын өтеушілер, заңды өкілдердің қамқорлығындағы балалар мен шетелде туылған сәбилер кіреді,- деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С. Қайырбеков атындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» Абай облыстық филиалының директоры Маржан Ахатова.

Естеріңізге сала кетейік, таңдалған емханада қызмет көрсету 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мүмкін болады. Бұрын тіркелген медициналық ұйымынан шығару автоматты түрде жүзеге асады.

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

20 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

21 час бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС