Semeytany.kz – Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы мен қызының әкесіне үндеу жасап, алимент мәселесін көтерді.
Өнер иесі жауапкершіліктен жалтарған әкелерге қатаң пікір білдіріп, «нағыз ер азамат алиментсіз-ақ перзентіне қамқор болады» деген ой айтты. Ол алимент төлемей қашатындарды сотқа сүйреп жатқандар барын еске алып, «бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтар» туралы жазды.
Мөлдір Әуелбекова бұған қоса жеке өміріне қатысты жайтты да еске салды. Айтуынша, екінші некесі ұзаққа бармаған: қызына сегіз айлық аяғы ауыр кезінде кетуге мәжбүр болған. Кейін жұбайы туралы ақпараттың дұрыс болмағанын біліп, өзіне оның төртінші әйелі болғанын түсінген. Сөйтіп, ол ұлымен жалғыз қалғанын айтып, бұл жағдайдың психологиялық ауыр соққы болғанын жеткізді.