"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір

26.09.2025
Бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының әлеуетін арттыруға арналған семинар өткізілді.  «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру» тақырыбында екі күнге жалғасқан семинар-тренинг барысында облыстың әр өңірінен келген бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенді мүшелері жиналып, жалпы қатысушылар саны 30-дан асты.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,
«Semey tany»  

Семинардың негізгі мақсаты — партияның өңірлік құрылымдарын жаңғырту, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелеу, тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру және партиялық әлеуетті арттыру болып табылады. Сонымен бірге, қатысушылар өзара саяси коммуникация, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық науқандарды жүргізу тәжірибелерімен бөлісті. Абай облысы бойынша бүгінгі таңда 137 бастауыш партия ұйымы жұмыс істесе, оның ішінде 27 ұйым Семей қаласында орналасқан. Бұл ұйымдар – партияның негізгі қозғаушы күші, халықпен тікелей жұмыс істейтін маңызды құрылымдық буын. Сондықтан олардың қызметін жетілдіру – партияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып отыр.  Семинар бағдарламасы мазмұнды тақырыптарды қамтыды. Қатысушылар бастауыш партия ұйымдарының қызметін тиімді ұйымдастыру, партиялық жобаларды жүзеге асыру тетіктері, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қоғамдық пікірмен жұмыс істеу және жергілікті мәселелерді талдау жолдарын талқылады. Сондай-ақ, партиялық этика мен тәртіп қағидаларына, әлеуметтік мәселелерді шешудегі бастауыш ұйымдардың рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев бастауыш ұйымдардың қоғамдағы рөліне тоқталды:

– Бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір. Олардың жұмысы партия саясатының табысты іске асуына тікелей әсер етеді. Бүгінгі семинар – тәжірибе алмасуға, білім жетілдіруге және бастауыш ұйымдарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам, бізде Семей аумағындағы ауылдарды қамтысақ, басқа аудандарда да дәл солай жұмыс атқарылуда – деді ол.

Семинар барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, топтық тренингтерге қатысты. Осыған дейін партияның ұйымдастыруымен БПҰ арасында республикалық байқау өткен болатын. Онда үздік бастауыш ұйымдардың жұмыс тәжірибесі таныстырылып, өзге ұйымдарға үлгі ретінде ұсынылғандығын да атап өткен жөн. Ал бүгінгі күні ұйымдастырылған екі күндік семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілетін болады. «AMANAT» партиясының өкілдері бұдан кейін де кадрларды дамытуға, бастауыш ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған игі іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отырғандықтарын да атап өтті.Бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір Бастауыш партия ұйымдары – партия мен халық арасындағы алтын көпір

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

15 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

15 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС