Semeytany.kz — «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жалпыөңірлік экологиялық акция Семейде жалғасын тапты. Қалада кезекті жалпықалалық сенбілік өтіп, оған мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдері және қала тұрғындары белсенді қатысты.
Экобастаманың мақсаты – аумақты абаттандырып, санитарлық жағдайды жақсарту ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікті күшейтіп, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру. Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен көшелер тазартылып, жиналған қоқыс тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізілді.
 





