"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады

09.10.2025
Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәли Alikhan Bokeikhan University базасындағы «Abai IT-Valley» технологиялық кластеріне барып, студенттер мен жас кәсіпкерлердің әзірлемелерімен танысты.

Кездесу барысында аймақ басшысына «Jurek-AI», «OneMed», «Jidek», «I-Track» секілді түрлі салаға арналған 20-ға жуық стартап пен мобильді қосымша таныстырылды. Оның ішінде OneMed – пациент шағымына сай дәрігер мен клиниканы ұсынатын жасанды интеллект-ассистенті бар жазылым қызметі, ал Jidek.kz – жұмыс беруші, оқу орны және жұмыс іздеушіні байланыстыратын қалалық цифрлық еңбек платформасы ретінде сипатталды.

Кластер туралы мәліметке сүйенсек, «Abai IT-Valley» 2022 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен университет жанынан құрылған. Үш жылда Python Pro, Java Developer, веб-даму, 3D модельдеу және AI-Builder Lab бағыттары бойынша 100-ден астам түлек оқуын тәмамдаған. Бағдарламалар Tech Orda жобасы аясында сертификатталған, сабақтарды Huawei Talent, Microsoft және Astana Hub мамандары жүргізеді. Huawei Talent шеңберінде студенттер жасанды интеллект, сымсыз байланыс және 5G технологияларын меңгерген. Сонымен қатар AI-SANA жобасы аясында 7500-ден астам студент Search және AI бағыттары бойынша оқытылды. Кластер резиденттері виртуалды 3D зертхана, балабақшаға арналған ұсақ моториканы дамытатын ойыншықтардың 3D модельдері, NFT-кроссовкалар және агромайнинг сияқты жобаларды әзірлеп келеді.

Аймақ басшысына Oner 3D аддитивті технологиялар орталығының да жұмысы таныстырылды. Бұл – өңірдегі техникалық және декоративтік мақсаттағы пластикалық бұйымдарды шығаратын жалғыз кәсіби 3D-баспа орталығы. Заманауи жабдықтар паркінің арқасында идеядан бастап прототип пен дайын өнімге дейін толық цикл іске асырылады. Сондай-ақ «Ro-Alemi» орталығында білім алатын семейлік оқушылар командасы Сингапурда өткен халықаралық жарыста гран-при иеленгені айтылды.

Қорытындысында Берік Уәли «Abai IT-Valley» жұмысына жоғары баға беріп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасына бағытты жандандыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Президент Жолдауында жасанды интеллектке айрықша мән берілді. Облыс үшін қажет стартаптарды жүйелі іске асырып жатқан жастарды қолдаймыз, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау болады», – деді ол.

Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады Абайдағы IT-кластер: аймақ басшысы жасанды интеллект жобаларын қолдады

Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

24 часа бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

24 часа бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

1 день бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

2 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

2 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

2 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

2 дня бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

2 дня бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС