Semeytany.kz — Ұлытау облысының Жезқазған қаласында өткен отбасылық шарада әнші Сәкен Майғазиев жұбайы Динара Майғазиевамен бірге «Жұбайлар жырын» орындап, жас жұбайларды ортаға алып шықты.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда ерлі-зайыптылардың алғаш рет дуэт ретінде сахнаға шыққаны айтылады. Оқиға көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды: бірі «Қазақ эстрадасында жаңа дуэт пайда болды» десе, енді бірі «Сахнаға кез келгеннің шығуы көбейді» деген сын айтты.
Қазірге дейін Майғазиевтер тарапынан бұл өнерлік бетбұрысқа қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
@ansambl_nazar 📍 Дебют!Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында өтті.#сакенмайгазиев#жезқазған ♬ оригинальный звук — Назар ансамбль 💃💃




