"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөз–Баршатас жолы әлі де сын көтермей тұр: тұрғындар дабыл қағуда

14.10.2025
Аягөз–Баршатас жолы әлі де сын көтермей тұр: тұрғындар дабыл қағуда
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аягөз бен Баршатас арасындағы жол мәселесі «Семей таңы» газетінің бетінде бұған дейін бірнеше рет көтерілген болатын. Алайда араға біраз уақыт салып бұл тақырыпқа қайта оралуымызға себеп — аягөздік қоғам белсендісі Қайыржан Нұрсипатовтың жолдаған хаты болды. Онда көтерілген жайттар назардан тыс қалдырмайтын маңызды мәселелерді қамтиды.

«2024 жылы Баршатас–Қорық арасындағы жолдың 31 шақырымын жөндеуді тендер арқылы «Гордорстрой» компаниясы жеңіп алған болатын. Былтыр бұл компания жолдың 8 шақырымын ғана орташа жөндеуден өткізді. Биыл қалған бөлігін аяқтады. Сонымен қатар, 2025 жылға Баршатас–Қосағаш бағыты мен Мәдениет ауылының тұсындағы 5-6 шақырым жолды қосқанда, жалпы 14 шақырымды жөндеуге тағы да сол компания тендерді жеңіп алды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде,» – делінген хатта.

Алайда, мәселе тек осы жұмыстармен шектелмейді. Қайыржан Нұрсипатовтың айтуынша, «Гордорстрой» компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп, негізгі жолды — Аягөз–Баршатас бағытындағы 178 шақырымды тоз-тозын шығарып, мүлде жарамсыз күйге түсірген.

«Ауыр жүк көліктерімен асфальт, қиыршық тас, цемент және басқа да құрылыс материалдарын шамадан тыс тасу салдарынан жолдың сапасы күрт нашарлап кетті. Бұрын бірсыдырғы жақсы жолмен Аягөзге дейін 2,5 сағатта жететін болсақ, бүгінде бұл жолды жүріп өтуге 4,5–5 сағат қажет. Такси жүргізушілері бұл бағытта қызмет көрсетуден бас тартып жатыр,» – дейді автор.

Бұған қоса, бұған дейін жолаушылар тасымалымен айналысқан екі «Газель» көлігіне берілген мемлекеттік субсидияның да тиімділігі төмендеген. Жолдың нашарлауына байланысты жүргізушілердің жетіспеушілігі туындап, бір көлік мүлде тоқтатылған.

Автор хат соңында Шұбартау халқының атынан
«Гордорстрой» компаниясының жауапсыз әрекетін облыстық деңгейде қарауды,
аталған жолдарды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен қаражат бөлуді сұрайды.

«Біз елдегі экономикалық жағдайды, бюджет тапшылығын түсінеміз. Бірақ қазіргі мәселе – жол сапасының бұрынғыдан да нашарлап кетуі. Шұбартау өңірінің халқы бұл жолдың зардабын күнделікті көріп отыр,» – деп жаза келіп,- Қайыржан Нұрсипатов,- Абай облысының әкімі Берік Уәлидің іскерлік қадамдарын, Семей қаласы мен облыс көлеміндегі бастамаларын сүйіспеншілікпен атап өтеді. Халық облыс басшысынан оң өзгерістер күтетінін, жол мәселесінің де назардан тыс қалмайтынына үміт білдіреді.

Редакциядан:
Бұл мәселені «Семей таңы» газетінің редакциясы назарға алып, алдағы уақытта осы тақырып бойынша арнайы зерттеу, журналистік талдау жасап, құзырлы органдардың жауабын сұрататын боламыз.

Аягөз–Баршатас жолы әлі де сын көтермей тұр: тұрғындар дабыл қағуда

Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

15 часов бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

15 часов бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

2 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

2 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

2 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

2 дня бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

2 дня бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС