Semeytany.kz – Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Мехикодағы Қазақстан Елшілігінде қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесті, ақ бата берді. Кездесу туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі таратты.
Дипломатиялық қабылдауда Димаш Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнап, елшілікке жиналған қандастармен әңгімелесті.
Іс-шара Қазақстанның Мехикодағы Елшілігінде өтті. Мұнда отандастар бас қосып, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге арналған шағын таныстырылым ұйымдастырылды.
Димаш Құдайберген жуырда Мехикода 25 мыңнан астам көрерменге концерт берді. Әншінің әлемдік туры гуманитарлық тақырыптарды да қамтып, БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы аясындағы Ізгі ниет елшісі ретіндегі жұмысына үндесіп отыр.