"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды

22.10.2025
Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республика күні қарсаңында Жарма ауданының Шар қаласында күрделі жөндеуден өткен қалалық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шар қалалық Мәдениет үйі 1960 жылы бой көтерді. Соңғы рет нысанға 2002 жылы жөндеу жүргізіліп, сыртқы қаптамасы жаңартылып, едендері ауыстырылып, су жүйесі тартылған болатын.

Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимаратқа толық күрделі жөндеу жүргізілді. Шатыры ауыстырылып, барлық терезе, есік және еден жабындары жаңартылды. Су, жылу және кәріз жүйелері ауыстырылып, жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Сахна кеңейтіліп, заманауи жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ LED экран орнатылды. Қосымша бөлмелер салынды.

Айта кетейік, биылғы маусым айында аймақ басшысы Жарма ауданына жұмыс сапарымен келгенде Шардағы Мәдениет үйін аралап, мердігер компанияға жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырған болатын.

Облыс әкімі елді мекен тұрғындарын маңызды мәдени нысанның қайта ашылуымен құттықтады.

«Біз бүгін Республика күні қарсаңында Шар қалалық мәдениет үйінің қайта ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Көктемде осында келген кезімде бұрынғы ғимаратты қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған болатынмын. Міне, бүгін әдемі, кең, жарық, биік, су жаңа Мәдениет үйін өздеріңізбен бірге ашқалы тұрмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаға Жолдауында «тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы» деп айрықша атап өткен болатын. Біз де осы бағытты басшылыққа ала отырып, мәдениет нысандарын жаңғырту ісіне баса мән беріп келеміз. Шар қаласындағы ғимараты толық күрделі жөндеуден өткен бұл өнер ордасы өңірдің мәдени тынысын жандандырып, қала тұрғындарының рухани өмірінде ерекше орын алады деп сенеміз. Бұл жерде шығармашылық ұжымдар өз өнерін шыңдап, жастар рухани тәрбие алып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады. Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан құрылысшыларға, жобалаушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне және барша тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Шарға осымен үшінші рет келіп отырмын. Қаланың дамуы үнемі менің назарымда, жеке бақылауымда болады», — деді облыс әкімі.

Жергілікті тұрғындар Мәдениет үйінің жаңғырып, қайта ашылуын жылы қабылдап, үлес қосқандарға ризашылықтарын білдірді.

«Бүгін Шар қаласы тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Мәдениет үйіміздің қайта жаңарып, жарқыраған сәтіне куә болып отырмыз. Шар қаласында бассейн құрылысы басталды. Келесі жылы бірнеше көшенің жолы жөнделетінін айтты. Облыс басшылығына алғыс айтамыз», — деді қала тұрғыны Талғат Құмаров.

Аймақ басшысы «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестрі және «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Биыл өңірде бірқатар мәдени нысандар жаңартылды. Абай ауданының Қарауыл ауылындағы Мәдениет үйіне, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға, Абай атындағы театрға және Семей қаласындағы Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық маңызы бар тарихи-сәулет ескерткіші саналатын облыстық тарихи-өлкетану музейінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

2025 жылы аймақтың мәдени инфрақұрылымын дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен бес жаңа нысанның құрылысына қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Үржар ауданындағы Жоғарғы Егінсу ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 100 орындық клубтың құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Бородулиха ауданының Камышенка, Новопокровка, Бесқарағай ауданының Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында, Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында жаңа Мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде.

Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды Шар қаласында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды

Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

7 часов бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

7 часов бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

7 часов бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

1 день бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

1 день бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

1 день бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

1 день бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

1 день бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

1 день бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС