"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

05.12.2025
Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі жаңа «Smart City» ықшамауданына барып, осында бой көтеретін 25 мың орындық стадионның құрылыс барысын көрді.

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында меморандумға қол қойылып, 25 мың көрерменге арналған заманауи стадион салу жоспарланған болатын. Жобаға бөлінген жер аумағы 20 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта стадион құрылысын жүргізетін мердігер ұйыммен үшжақты келісімшарт жасалып, аумақ қоршалып, жерді қазу және тегістеу жұмыстары басталып кетті.

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

Жобада стадион аумағында асфальтбетонды жолдар мен алаңдар салу қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау және инженерлік-құрылымдық шешімдерді әзірлеу кезінде өңірдің табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері ескерілген. Жоспар бойынша нысанның құрылысы екі жыл ішінде аяқталмақ.

Облыс әкімі стадионның маңызына тоқталып, жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Берік Уәлидің айтуынша, Семей – қазақ футболының қара шаңырақтарының бірі, қала тұрғындары футболды ерекше жақсы көреді. Сондықтан сыйымдылығы жоғары, заманауи талаптарға сай стадион салу – көптен күткен жоба. Әзірге бұл нысан сыйымдылығы жағынан Астана, Алматы және Ақтөбеден кейінгі төртінші стадион болмақ. Жоба аяқталған соң стадионда УЕФА матчтарын өткізуге мүмкіндік туады, яғни нысан халықаралық стандарттарға сай келеді.

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

Аймақ басшысы сонымен қатар жаңа ықшамауданда басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті. Жақын уақытта алғашқы болып Маңғыстау облысы өз жобасының құрылыс жұмысын бастамақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүріп жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің бірнеше өңірі Семейге бір-бір әлеуметтік нысан салып беруге ниет білдірді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалап үлгерді. Шымкент қаласы шығармашылық орталығы мен Мәдениет үйін, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы «Келешек» мектебін, Ақтөбе облысы жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы рәміздер алаңын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, ал Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.

Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ Сүйінші, ағайын! Семейде 25 мың көрерменге арналған стадион салынбақ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

12 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

13 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

15 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС