"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

15.12.2025
Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды.

Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және белсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің жәнетынымсыз ізденістің нағыз үлгісі.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, бұл марапаттың қоғамдық маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс және бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Білімді жастар – бұл елдің басты капиталы әрі оң өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі жас буынның қоғамға пайдалы болуға, жаңалық ашуға, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы артып отырғаны байқалады. Біз осындай жігерлі, ынталы жастарды құрметтейміз. «Рухтастар» сыйлығы баршамызды ортақ мақсат жолында бірігіп, Әділетті Қазақстанды құруға қарай нық қадам басуға шабыттандырады», – деді ол.

Ал «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова бұл сыйлық – еліміздегі ең белсенді, табанды және рухты жастардың еңбегібағаланатын маңызды марапат екенін мәлімдеді.

«Бүгін біз еліміздегі 17 өңір мен 3 қаладағы ең белсенді жастарды бір алаңға жинадық. Олар жыл бойы өңірлерде атқарылған көптеген әлеуметтік, мәдени, экологиялық және волонтерлік жобаларға жан-жақты үлес қосып, жастар саясатының дамуына елеулі еңбек сіңірді. Бұл марапат – олардың еңбегіне деген құрметіміздің белгісі ғана емес, алдағы жұмыстарына көрсетілген үлкен сенім», – деді ол.

Оның айтуынша, үздіктерді іріктеу барысы бірнеше кезеңнен тұрды. 25 қарашадан 3 желтоқсанға дейін өтінімдер «Жастар Рухының» ресми сайтында қабылданып, кейін республикалық конкурс комиссиясының қарауына жіберілген.

«Белсенді рухтас» – жыл белсендісі номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 азамат марапатталды. Аталған марапат иегерлерінің қатарында «Жастар Рухы» ЖҚ Абай облыстық филиалының үздігі Шарғали Әкежан бар. Ол «Белсенді Рухтас» – жыл белсендісі номинациясын иеленді.

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

Ұқсас жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

24.11.2026
Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту маңызды орын алады....

Толығырақ...Details

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

24.11.2026
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

Тәуелсіздік – қоғам үшін ең басты бағдар, оның мәні  мемлекеттілік тарихымен ғана емес, Қазақстанның қазіргі даму үдерісіне деген қоғамдық көзқараспен де...

Толығырақ...Details

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

24.11.2026
Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті және бас директоры лауазымдарына қайта тағайындағанын жариялағанға дейін, оны Қазақстан мен...

Толығырақ...Details

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

23.11.2026
ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық референс-зертханаларымен бірлесіп, туберкулезді зертханалық диагностикалаудың заманауи...

Толығырақ...Details

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

23.11.2026
ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардың дамуы құмар ойындар мен букмекерлік кеңселерде бәс тігуді кез келген адам үшін қолжетімді етті. Бүгінде оған...

Толығырақ...Details

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

23.11.2026
Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

Орман байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Осы бағыттағы Мемлекет басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

6 часов бұрын

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

9 часов бұрын

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

12 часов бұрын

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

1 день бұрын

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖОЛ ЖОҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІ – АДАЛ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

1 день бұрын

Орманды сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық міндеті

1 день бұрын

Ақылды қалалар мен цифрлық инфрақұрылым: Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктері

1 день бұрын

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС