"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылдан бастап арнаулы салық режимдері жаңартылады

26.01.2026
2026 жылдан бастап арнаулы салық режимдері жаңартылады
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2026 жылдан бастап Қазақстанда арнаулы салық режимдерінің жаңа түрлері қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық мониторинг басқармасының басшысы Еркежан Бүркітова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 2026 жылдан бастап арнаулы салық режимдерінің үш түрі қарастырылған. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер.

– Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін арнайы хабарлама тапсыру талап етілмейді. Бұрын патент немесе мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде есептен өз еркімен шыға алады. Егер мұндай жеке кәсіпкер оңайлатылған декларация негізіндегі режимге көшу туралы хабарлама тапсырмаса, 2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органы оны жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарады. Ал алғашқы түбіртек қалыптастырылған күннен бастап ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болып есептеледі, – деді Еркежан Бүркітова.

Айта кету керек, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің нақты тізбесі бекітілген. Қазіргі таңда бұл тізімге 40 экономикалық қызмет түрі енгізілген.

Ал оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін таңдаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында осы режимге көшу туралы хабарлама тапсыруға тиіс. Хабарламаны салық төлеушінің жеке кабинетінде, «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Kaspi және Халық банк қосымшалары арқылы жолдауға болады. Сонымен қатар қағаз түрінде де тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

– Ерекше назар аударатын жайт – хабарлама 1 наурызға дейін міндетті түрде тапсырылуы қажет. Белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшіріледі. Сондай-ақ оңайлатылған декларация режиміне тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген. Бұл тізбеге 44 қызмет бағытына біріктірілген 185 экономикалық қызмет түрі енгізілген, – деп атап өтті спикер.

Статистикалық деректерге сәйкес, Абай облысы бойынша қазіргі таңда 61 608 салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде 41 773-і арнаулы салық режимдерін қолданады. Бүгінге дейін режимді өзгерту туралы хабарламаны 16 189 салық төлеуші тапсырған.

Хабарлама тапсыру мерзімінің аяқталуына шамамен бір жарым ай уақыт қалды. Осыған байланысты кәсіпкерлерге салық режимін алдын ала айқындап, белгіленген мерзімде хабарлама тапсыру ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

21.04.2026
Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

Алимент – бұл ата-ананың кәмелетке толмаған баласын асырау үшін заңмен белгіленген қаржылық міндеттемесі. Бала ата-анасымен бірге тұрмаған жағдайда, екінші ата-ана...

Толығырақ...Details

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

21.04.2026
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға...

Толығырақ...Details

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

21.04.2026
Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары,...

Толығырақ...Details

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

21.04.2026
Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

21.04.2026
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы бүгін вице-премьер – Мәдениет...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20.04.2026
Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

3 часа бұрын

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

3 часа бұрын

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

5 часов бұрын

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

5 часов бұрын

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

5 часов бұрын

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

5 часов бұрын

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

21 час бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

1 день бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС