"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр

26.01.2026
Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр
101
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыстың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Қала және аудан әкімдері бейнережимде қосылды.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 104,4 пайызды құрап, 1 трлн 357,5 млрд теңгеге жетті. Өңір экономикасының 12 негізгі көрсеткішінің 10-ында өсім қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы 101,1, өңдеу өнеркәсібі 102,9, ішкі сауда 103,5, тұрғын үйді пайдалануға беру 105,8, байланыс 106, құрылыс 106,2, инвестициялар 106,8, көлік саласы 125,9 пайызға орындалды.

Инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы іске асырылған жобалар саны 29-дан 101-ге дейін артты. Жыл қорытындысында жалпы құны 24,1 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске қосылып, 391 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар құны 605,5 млрд теңге болатын 48 жобадан тұратын өңірлік инвестициялық пул қалыптастырылды. Былтыр мемлекеттік бюджетке облыс бойынша 648,7 млрд теңге салық түсті, бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 135,5 пайызға артық. Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр.

Әкімдік отырысында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармалары саладағы даму индикаторларының орындалуы туралы ақпарат берді.

🕯Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары 2025 жылдың қорытындысымен қалыптасқан қала мен аудан әкімдерінің қызметіне жүргізілген рейтингтік бағалаудың нәтижесін жариялады. Жалпы рейтинг 76 индикаторды қамтитын 9 блоктан тұрады. Оның қорытындысы бойынша Курчатов қаласы мен Абай, Жаңасемей аудандары алғашқы үштіктен көрінді. Бородулиха, Көкпекті, Жарма аудандары рейтингтің төменгі сатысынан көрінді. Бородулиха ауданы 4, Жарма ауданы 6 көрсеткішті тиісті деңгейде орындамаған.

Аймақ басшысы жиында 2025 жылы облыс экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету бағытындағы жүргізілген жүйелі жұмысты одан ары жалғастыруды тапсырды. 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жоғары екенін атап өтіп, салалық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға инвестиция тарту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, тұрғын үй құрылысы және бюджеттік тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктеді.

«Әрине, біз бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету бойынша шараларды қабылдап, облыс экономикасын одан әрі дамытып, тұрақты өсімге қол жеткізуіміз қажет. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берген аудан әкімдеріне қатысты кадрлық шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Екі апта бойы басқармалардың атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары туралы есебін тыңдадым. Нәтижесінде бір басқарма басшысы жұмыс орынын босатты. Екі басқарманың есебі қабылданған жоқ. Олар дайындалып келіп, алдағы апталарда есептерін қайта тапсыратын болады. Сол себепті басқармалар да жұмыс сапасын төмендетпеуі қажет», – деді облыс әкімі.

Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС