"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды

27.01.2026
ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЮНИСЕФ ел халқының шамамен 34 пайызын құрайтын 6,9 миллион баланың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Қазақстан балалары» (2026–2030) кешенді ұлттық стратегиясының қабылданғанын құптайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленген бағдарлама балалардың мүддесін қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық пайымын қалыптастырады. Ол 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және балалар қауіпсіздігін нығайту жөніндегі 158 нақты шараны қамтиды, оның жалпы бюджеті 2,6 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бағдарлама отбасыларды қолдауға және позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуға, балалардың цифрлық қауіпсіздігіне, жаңа медициналық және оңалту мекемелерін салуды қоса алғанда, балаға бағдарланған инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ инклюзивті және балаға мейірімді қызметтерді кеңейтуге ерекше назар аударады. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде балаларды қорғау жүйесін нығайту, мамандардың кәсіби стандарттарын арттыру және мектептерде психологиялық қолдауды дамыту маңызды басымдықтар болып табылады.

ЮНИСЕФ ұлттық саясатқа Бала құқықтары туралы конвенцияның халықаралық нормалары мен стандарттарын, БҰҰ-ның жаһандық стратегияларын және әлемдік озық тәжірибелерді енгізуді қамтамасыз ете отырып, бағдарламаны әзірлеуде Қазақстан Үкіметінің негізгі стратегиялық серіктесі болды. ЮНИСЕФ сарапшылары бағдарламаның архитектурасын қалыптастыруда, оның ішінде тұжырымдамалық негіздерді, нәтижелер индикаторларын, салааралық үйлестіру тетіктерін, сондай-ақ іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәсілдерін әзірлеуде жүйелі қолдау көрсетті.

ЮНИСЕФ сондай-ақ балалар мен отбасыларды ерте анықтау және сүйемелдеу жүйелерін дамытуды, балаларды қорғауға арналған цифрлық шешімдерді, әлеуметтік және психологиялық қолдау қызметтерін кеңейтуді, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау мамандарының кадрлық әлеуетін нығайтуды қоса алғанда, бағдарламаның негізгі компоненттерін әзірлеуге қолдау білдірді. Ұйым бағдарламаның балалардың шынайы қажеттіліктеріне бағдарлануын қамтамасыз ету үшін жаһандық дәлелді тәжірибелерге, MICS деректеріне және талдамалық зерттеулерге сүйенді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, сондай-ақ азаматтық сектор мен ұлттық консультациялар барысында пікірлері ескерілген балалардың өздерінің қатысуымен тығыз ведомствоаралық ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.

«Қазақстан балалары» бағдарламасын қабылдау Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 10 «Теңсіздікті қысқарту» мақсаттарына қол жеткізуге маңызды үлес қосады және бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады.

ЮНИСЕФ халықаралық сараптаманы жұмылдыруды, ұлттық және өңірлік деңгейде реформаларды енгізуді қолдауды, қаржыландыру мен есеп берудің тұрақты жүйелерін дамытуды, сондай-ақ саясатты қалыптастыруда балалар мен жастардың қатысуын күшейтуді қамтамасыз ете отырып, бағдарламаны іске асыруда Қазақстан Үкіметімен стратегиялық серіктес ретінде жұмысын жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС