"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли: «Қаладан — ауылға» жобасы ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін береді

06.02.2026
Берік Уәли: «Қаладан — ауылға» жобасы ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін береді
101
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған «Қаладан — ауылға» атты жаңа пилоттық кешенді жоба іске қосылмақ. Ауылдарды жаңғыртуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және қала тұрғындарын ауылдық жерлерге тартуға бағытталған жоба облыс әкімі Берік Уәлидің тікелей бастамасымен жүзеге асырылмақ.

Аймақ басшысының айтуынша, жобаның басты мақсаты — ауылды өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыру және азаматтардың ауылға қоныс аударуына жан-жақты жағдай жасау.

«Біз ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысып, өз ісін дамытқысы келетін азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеміз. “Қаладан — ауылға” жобасы арқылы барлық мемлекеттік бағдарламалар мен облыс әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары бір жүйеге біріктіріледі», — деді облыс әкімі Берік Уәли.

Жоба аясында ауылдарға көшіп барғысы келетін азаматтарға бизнес ашу, мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылады. Сонымен қатар шетелден келетін қандастарды қоныстандыру мәселесі де назардан тыс қалмайды.

2024 жылы Абай облысына 264 адам қоныс аударса, оның 244-і — қандастар. Жаңа бастама бұл үдерісті жүйелі түрде жалғастыруға мүмкіндік бермек.

Пилоттық жоба жергілікті қауымдастықтардың белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Мәселен, Абай ауданына қарасты Медеу ауылдық окургінің әкімі  Еркебұлан Кеңесбекұлы қала тұрғындарын қабылдауға дайын екендерін білдірді. Ұсыныс бойынша әр отбасына тұрғын үй, 10 бас қой, 2 бас ірі қара, 1 жылқы берілмек. Тұрақты жұмыспен қамту қарастырылған. Сондай-ақ, көшіп келген отбасының ауылда дүниеге келген баласына ат мінгізу дәстүрі де бар.

Медеу ауылы бүгінде дамыған инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Мұнда мектеп, мәдениет үйі, медициналық пункт, тұрақты интернет желісі, спорт және ойын алаңдары толықтай жұмыс істеп тұр. Осындай жағдайлар облыстың өзге де ауылдарында қалыптасып келеді.

Берік Уәли соңғы жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар салу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Ауыл — елдің тірегі. Біз ауылдардың дамуына серпін беріп, туған өлкенің әлеуетін нығайтуға бағытталған барлық игі бастамаларды қолдауға дайынбыз», — деді аймақ басшысы.

«Қаладан — ауылға» пилоттық жобасының ресми таныстырылымы 20 ақпанда Семей қаласында ауылдық округтер әкімдерінің форумы аясында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС