"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли: Агросалаға бөлінген қаржы толық әрі мақсатты игерілуі керек

09.02.2026
Берік Уәли: Агросалаға бөлінген қаржы толық әрі мақсатты игерілуі керек
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев пен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков баяндама жасады. Мәліметке сәйкес, 2024 жылы агроөнеркәсіп кешенінің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы аясында 11,0 млрд теңге бөлініп, 2025 жылы бұл қаржы 11 жобаға бағытталған. Ал көктемгі дала және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2025 жылы өңір шаруаларына 9,5 млрд теңгеге 202 несие берілген. 2026 жылға осы бағдарлама бойынша 14,0 млрд теңге көзделіп, қазіргі таңда 4,9 млрд теңгеге 51 несие рәсімделді.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағытында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2025 жылы 13,5 млрд теңгеге лизинг беріліп, 592 техника сатып алынған. Биыл лизинг көлемін 16,0 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2025 жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 51,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, ағымдағы жылы 52,8 мың тонна дизель отынына 1 171 өтінім қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 мың тоннаға көп.

Кеңесте өңірде қой шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жоғары екені айтылып, 2026–2030 жылдарға арналған салалық бағдарлама әзірленіп жатқаны жеткізілді. Қаржыландыруды «Игілік» бағдарламасы арқылы іске асыру көзделіп отыр. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне «Ауыл аманаты» шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды, машина-трактор паркін жаңартуды жалғастыруды және «Кең дала» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Берік Уәли несиелеу мен субсидиялау тетіктерінің дұрыс іске асуы ауыл шаруашылығын дамытуға, өндіріс көлемін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау нақты нәтижеге бағытталып, бөлінген қаржы толық әрі мақсатты игерілуі тиіс. Бұл ретте аудан және қала әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы басқармасы фермерлермен байланысты күшейтіп, қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыруы, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруы қажет.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша да өңірде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 19-дан 31-ге дейін кеңейтіліп, сауда үстемесі 15% деңгейінде шектелген. Қазіргі таңда «Семей» ӘКК» АҚ қарамағында 12 әлеуметтік павильон жұмыс істеп тұр, алдағы уақытта тағы 5 павильон орнату жоспарланған. Облыс әкімі баға мониторингін күшейтіп, заң бұзушылықтарға дер кезінде шара қолдануды, сондай-ақ тұрақтандыру қоры өнімдерін нарыққа белсенді шығаруды және әлеуметтік павильондар санын арттыруды тапсырды.

Мақалада: агроөнеркәсіп кешеніәлеуметтік павильонӘМАТ бағасыКең даламемлекеттік қолдау

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС