"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

16.02.2026
Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шәкәрім университетінде «2026 жылғы Конституциялық реформа: халық таңдауы және тарихи жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, құқықтанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – 15 наурызда өтетін республикалық референдум аясындағы конституциялық реформалардың мәні мен маңызын жан-жақты талқылау, оның қоғам өміріндегі орнын түсіндіру және оқытушылар мен қызметкерлердің азаматтық белсенділігін арттыру.

Келелі жиынды Тілдік коммуникация кафедрасының меңгерушісі Майра Ибраемова ашып, Ата Заңның мемлекет өміріндегі айрықша рөліне тоқталды.

– Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, мемлекет пен қоғамды тоғыстыратын, олардың өзара келісімін айқындайтын, тарихи дамудың бағдарын белгілейтін негізгі заң. Бүгінгі басқосудың мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық реформаларға қатысты ой-пікірлерімізді ортаға салу, ашық пікір алмасу. Әрине, 1993 жылғы және 1995 жылғы қабылданған конституциялардың барлығында  жаңа бір өзгерістер болды. Оны бәріміз де білеміз, өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін бізде жаңа жүйе, жаңа институт – президенттік институт енгізілген болатын. Осы жолы Конституцияның сексен проценті толығымен өзгертілді, толығымен жаңартылды деп айтуға болады. Ол мемлекеттің негізгі құжаты болғаннан кейін талқылану керек, сарапталу керек және халықтың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек. Бүгінгі басқосуымыз да – сол жүргізіліп жатқан жұмыстардың бастапқы баспалдағы,- деді ол.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың әр тармағына жіті назар аударылып, олардың елдің саяси жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтудегі ықпалы кеңінен сараланды.

Социологиялық талдау орталығының координаторы, құқықтанушы Нәзигүл Газизова жаңа Ата Заң жобасындағы өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Ол референдумның демократиялық қоғамдағы орны мен маңызын атап өтіп, оның халық еркін білдірудің ең жоғары формасы екенін айтты. Ол ұсынылып отырған реформалардың мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге бағытталғанын барынша түсіндіріп берді.

Шәкәрім университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов реформа аясында азаматтардың саяси белсенділігін арттыру, олардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту мәселелері де қарастырылып  жатқанын айтып, мұның демократиялық қоғам құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

-1995 жылғы Ата Заңымыз қабылданғаннан бері отыз бір жыл уақыт өтті. Өмір бір орнында тұрмайды. Сондықтан бұрынғы Конституцияларда кеткен олқылықтарды толықтыра отырып, міне, жаңа Конституция қабылданғалы отыр.  Бұл – мемлекетіміздің болашақтағы дамуының негізі. Конституциялық реформамен бірге парламенттік реформа да жүріп жатыр. Бұл реформа біздің қоғамға тиімді демократиялық қатынастар орнатуға,   одан әрі дамытуға, институттарды қалыптастыруға өзінің септігін тигізетін механизм деп ойлаймын»- деді өз сөзінде.

 

Пікір алмасу барысында қатысушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, мазмұнды талқылау өрбіді. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерге тұшымды жауап алып, референдумның ел болашағы үшін стратегиялық маңызын тереңірек түсінді.

Шәкәрім университеті  ұйымдастырған бұл дөңгелек үстел референдум алдындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды кезеңі болды. Мұндай кездесулер әр адамның елдегі саяси үдерістерге бейжай қарамай, дұрыс шешім қабылдауына жол ашады. Сондықтан әрбір азаматтың бұл үдерісті жауапкершілікпен қабылдауы – қоғамның демократиялық дамуындағы маңызды көрсеткіш.

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

39 минут бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

46 минут бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

56 минут бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

1 час бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС