"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

15.04.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді.

Бүгінде Алматы қаласында баспана алған жас ғалымдар толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған қолайлы жағдайлардың ғылыми және кәсіби қызметке алаңсыз көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жас зерттеушілер өздерінің шынайы қуаныштары мен мемлекетке деген ризашылықтарын білдірді.

Ғалымдарды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы ғылымның әлеуеті елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықаралық аренадағы беделін нығайтудың негізгі факторына айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ғылым мен білімге инвестиция салған мемлекеттер әлемде алдыңғы қатардан көрінеді. Сонымен қатар Президент отандық ғылымның болашағы жаңа идеялар ұсынып, ел дамуына серпін беретін дарынды, мақсатшыл әрі зияткер жас буынның қолында екеніне тоқталды.

Қазіргі таңда 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылды. Бұдан бөлек, олар үшін арнайы гранттар қарастырылған, сондай-ақ біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері бар.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері бар.

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жылуэнергетика және физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мадина Құмарғазина Scopus халықаралық базасында жарияланған ғылыми еңбектердің авторы, сондай-ақ Қазақстанның 10-нан астам және бір Еуразиялық патенттің тең авторы. Оның зерттеулері энергия тиімділігі технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған.

«Мемлекет басшысының ғылымға және жас ғалымдарға көрсетіп отырған мұндай ерекше көңілі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін күтпеген сыйлық болды. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Мен ұзақ уақыт бойы пәтерге өз күшіммен қаражат жинауға тырыстым, сондықтан бұл мен үшін орасан зор қолдау әрі алға қарай еңбек етіп, мемлекетке пайда келтіруге мотивация береді. Тағы бір айта кететіні, енді менің толықтай жабдықталған пәтерім бар. Бұл маған бар күш-жігерімді ғылымға арнауға мүмкіндік береді. Осындай бастамалар болашаққа деген сенімді арттырып, ғылыми қызметке, жаңа технологияларды әзірлеуге және білікті мамандар даярлауға толықтай назар аударуға жол ашады», – деп бөлісті Мадина Бақытжанқызы көрсетіліп отырған қолдаудың маңыздылығын атап өтіп.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Физика-техникалық институтының ғылыми қызметкері, Электрохимия және ванадийлі ағынды батареялар зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Өмірзақовтың ғылыми еңбек өтілі 15 жылды құрайды.

«Ақордада мен Президенттің қолынан өтеусіз негізде берілген пәтердің сертификатын алдым. Ал бүгін Алматы қаласында сол пәтерге қоныс аударып отырмын. Мемлекет ғылымды дамытуға және гранттық жобаларды қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр, бұл ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдарға алдағы жұмысқа және кәсіби өсуге қуатты серпін береді», – деп бөлісті ғалым.

Ол халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы, сондай-ақ Қазақстанның 8 патентінің тең авторы. Ғалымның зерттеулері энергетика саласындағы перспективалы бағыттарды, соның ішінде отын элементтері, микробатареялар және фотокаталитикалық материалдарды қамтиды.

Негізгі ғылыми бағыттардың қатарында жұқа қабықшалы қатты оксидті отын элементтерін зерттеу, сондай-ақ Nazarbayev University базасында литий-күкіртті микробатареяларды әзірлеу бар. Сонымен қатар ғалым ванадийлі ағынды батареялардың электролиттерін және суды тазарту мен сутегі өндіруге арналған фотокаталитикалық материалдарды зерттеумен айналысады.

Зерттеуші Erasmus+ бағдарламасы аясында Португалиядағы Авейру университетінде тағылымдамадан өтіп, халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға белсенді қатысады.

Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлеуметтану орталығының жетекшісі, аға ғылыми қызметкері, PhD Шырын Тіленшиева мемлекеттік қолдау ғылыми қызметке жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Жеке баспанаға қол жеткізу бұл тек маңызды әлеуметтік қолдау ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді жалғастырып, отандық ғылымның дамуына үлес қосуға үлкен мотивация береді. Әсіресе пәтерде барлығы дайын екені ерекше қуантады. Пәтер толық жабдықталған, барлық қажетті заттар бар, қосымша ештеңе сатып алудың қажеті жоқ. Бұл бірден жұмысқа және ғылыми қызметке толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Шырын Мұратқызының ғылыми еңбек өтілі 13 жыл, ол Scopus және Web of Science базаларына енген жарияланымдарды қоса алғанда 9 ғылыми мақаланың авторы, оқу құралының тең авторы және авторлық құқық иегері. Ғалым халықаралық және ұлттық ғылыми жобаларға, соның ішінде «Жас ғалым» бағдарламасы аясында қатысқан. Сонымен қатар ол International Society for Quality-of-Life Studies ұйымының білім беру грантының иегері және 2021-2025 жылдары осы ұйымның мүшесі болды.

Президент бастамасымен жүргізіліп отырған жас ғалымдарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді және елдің ғылыми әлеуетін тұрақты дамытудың маңызды факторы саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

19.05.2026
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы елордадағы...

Толығырақ...Details

Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

19.05.2026
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

Алтын Орда дәуірінде Дала заңы мен ислам құқығының үйлесімді жүйесі қалыптасты. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда...

Толығырақ...Details

Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

19.05.2026
Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда...

Толығырақ...Details

Президент Алтын Орданың зияткерлік мұрасын зерделеуді ұсынды

19.05.2026
Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасы әлем үшін мән-маңызы зор — Тоқаев

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады — Тоқаев

19.05.2026
Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады — Тоқаев

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда...

Толығырақ...Details

Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасы әлем үшін мән-маңызы зор — Тоқаев

19.05.2026
Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасы әлем үшін мән-маңызы зор — Тоқаев

Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасын табиғи түрде қалыптасқан, біздің өңірге тән идеологиялық субстанция ретінде атасақ, артық болмайды. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі — Президент

20 секунд бұрын

Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет — Президент

2 минуты бұрын

Президент: Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды

7 минут бұрын

Президент Алтын Орданың зияткерлік мұрасын зерделеуді ұсынды

9 минут бұрын

Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады — Тоқаев

11 минут бұрын

Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасы әлем үшін мән-маңызы зор — Тоқаев

13 минут бұрын

Құрылтай институты дала демократиясының бірегей үлгісі ретінде қызмет етті — Президент

15 минут бұрын

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

18 минут бұрын

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

20 минут бұрын

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

22 минуты бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС