"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

13.04.2026
Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы ветеринария басқармасы биылғы жылдың I тоқсанында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Облыс бойынша 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді.

Облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның 131 ветеринариялық пунктінде 646 ветеринариялық маман қызмет атқарады.

— Ағымдағы жылға арналған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 10 аса қауіпті ауруға қарсы 8,163 млн манипуляция (екпе) жүргізу көзделген. Қазіргі таңда республикалық қордан 3,512 млн доза вакцина бөлініп, оның 2,029 млн дозасы егілді.Жыл басынан бері облыста жануарлар арасында бруцеллез, құтыру және қарасан ауруларының жекелеген ошақтары тіркелді. Бруцеллездің таралу деңгейі төмендегенімен, толық жойылған жоқ. Ал құтыру ауруының негізгі тасымалдаушылары – жабайы аңдар,- деді басқарма басшысы.

Аса қауіпті аурулар анықталған жағдайда қолданыстағы талаптарға сәйкес карантиндік және шектеу шаралары енгізіліп, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында ветеринариялық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.Абай облысының ветеринария басқармасы және оған қарасты ұйымдар 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Есепті кезеңде ветеринария саласында қызмет жүргізуге лицензиялар берілмеген.

— Саланы цифрландыру аясында бірқатар жүйелер мен қосымшалар енгізілді: «VetLab», «ВСЭ», «Процессинг орталығы», «РЭО», сондай-ақ «Tort Tulik» және «VETMOBILE».«Tort Tulik» қосымшасы арқылы жануар иелері ветеринариялық қызметтерді онлайн алып, мал басын есепке ала алады. Қазіргі таңда жүйеде 25 011 пайдаланушы тіркелген,- деп атап өтті Ержан Барышев.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 31 наурызда өткен облыстық мәслихат сессиясында қаңғыбас жануарларды аулау шараларына қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес 10 864 қаңғыбас жануарды аулау, 435 жануарды уақытша ұстау, сәйкестендіру, вакцинациялау және стерилизациялау жұмыстарына қаражат бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС