"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды

08.03.2026
Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында тұратын 104 жастағы тыл еңбеккері Бижамал Қаржаубаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы ғасыр жасаған ананың хал-жағдайын сұрап, оған ақжарма тілегін жеткізді. Кездесу барысында кейуананың ел басына күн туған шақтағы еңбегі мен өнегелі өмір жолы ерекше аталып өтті.

Бижамал Қаржаубаева 1922 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, Жеңіске өз үлесін қосқан. Саналы ғұмырындағы табанды еңбегі үшін Жеңістің 50, 60, 70 және 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Еңбек жолын 1946 жылы Жарма ауданындағы Михайловка совхозында қойма меңгерушісі болып бастаған. Кейін сатушы, есепші қызметтерін атқарып, Михайловка ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеген.

Бүгінде кейуана 3 баладан 13 немере сүйіп отыр. Қазіргі таңда келіні және немересімен бірге тұрады.

Кездесу кезінде әжей өзінің ұзақ жасауының сырын да бөлісті.

«Жас кезімде көп еңбек еттім. Соғыс жылдары соқамен жер жырттық. Кейін есепші болып жұмыс істедім. Ұзақ жасау адам баласының өзіне байланысты. Ең бастысы, өз ісіне адал, айналасына ниеті таза болуы керек. Ана деп ардақтап, арнайы келіп, құттықтап жатқандарыңа көп рақмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Бижамал Қаржаубаева.

Облыс әкімі Берік Уәли кейуананың ғибратты ғұмыры кейінгі буын үшін үлкен үлгі екенін айтты.

«Облысымыздағы ең жасы үлкен әжемізге сәлем беріп, мерекемен құттықтау үшін арнайы келіп отырмын. Қилы заманды бастан өткердіңіз. Балалық, жастық шағыңыз қазақ тарихындағы қиын кезеңдерге тұспа-тұс келді. Соғыс жылдарында талмай еңбек еттіңіз. Одан кейін де ел игілігі жолында қызмет жасадыңыз. Елге сіңірген еңбегіңіз зор, өмір жолыңыз келешек ұрпаққа үлгі. Деніңізге саулық тілеймін», – деді аймақ басшысы.

Осылайша, мереке қарсаңында ғасыр жасаған ананы ардақтау — аға буынға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС