"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

11.03.2026
Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Конституциялық комиссия мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков модераторлық еткен жиында қоғамдық кеңестердің қызметі, жаңа Конституцияның мән-маңызы талқыланды.

Аймақ басшысы қоғамдық кеңестердің елдегі есеп беретін мемлекет қағидатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

«Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі – ашықтық пен объективтілік. Осы тұрғыда қоғамдық кеңестердің рөлі бұрынғыдан да арта түсуде. Мемлекеттік органдардың жүйелі әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін қоғаммен тұрақты байланыс орнату аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қоғамдық кеңестердің әлеуетін толық пайдалану және олардың тиімділігін арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан бүгінгі кездесу – осы институттың өңірдегі жұмысын одан әрі күшейтіп, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған маңызды алаң деп есептеймін», – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасының Президенттің соңғы жеті жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырып келе жатқан саяси реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті.

«Өздеріңізбен үлкен өзгерістердің алдында арнайы кездесіп отырмыз. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент конституциялық реформаның қоғамда кең қолдау тауып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын нақты айтты. Жаңа Конституция – Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның берік іргетасы. Бүгінгі талқылау ашық, мазмұнды, нақты ұсыныстарға толы болды. Әр пікір – маңызды. Әрбір ұсыныс – құнды. Себебі, біз талқылап отырған мәселе – бір күндік саясат емес, ұлттың ұзақ мерзімді болашағы. Барлық айтылған ойдың түп-тамыры бір-ақ нәрсеге тіреледі: күшті мемлекет – ең алдымен әділетті мемлекет. Ал әділетті мемлекет – адамға қызмет ететін мемлекет», – деді облыс әкімі.

Кездесуде Конституциялық комиссия мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков жаңа Конституцияның маңызына тоқталды.

«Ұсынылып отырған жаңа жоба ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлі отбасылық құндылықтарымызды бекемдеуге бағытталған. Жалпы, жаңа Конституция – тек заңдық құжат қана емес, ол – біздің ұлттық санамыздың, мәдениетіміздің және рухани тірегіміздің айнасы», – деді ол.

Жиын барысында облыстық қоғамдық кеңес мүшелері – «Ауыл» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов, ТВК-6 телеарнасының журналисі Вера Кропачева, сот жүйесінің ардагері Ғибрат Валиев және «Абай облысы Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Эльмира Жүрсінбекқызы сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Республикалық жеті партияның өкілдері кіретін облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізіп, аталған құжат мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС