"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде қоғамдық көлік жаңарып жатыр: қалаға 32 жаңа автобус әкелінді

14.03.2026
Семейде қоғамдық көлік жаңарып жатыр: қалаға 32 жаңа автобус әкелінді
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласында жаңа қоғамдық көліктер таныстырылып, автобус паркі 32 заманауи автокөлікпен толықты.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бері шаһардағы жолаушы тасымалдаушылар автопарктерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы бағытта «Авто Транс Семей» және «Семавтопарк» ЖШС Семейде құрастырылған SKYWELL NJL 6128H, SKYWELL NJL 6108H және DONG FENG BWS6665GA5 маркалы жаңа автобустарды сатып алған.

Жаңа техникалар жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бейімделген. Әр автобустың сыйымдылығы шамамен 100 адамға дейін жетеді. Көліктердің барлығы салқындату жүйесімен жабдықталған. Бұдан бөлек, аз қозғалатын азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін автобустарда реттелетін отырғызу алаңы мен арнайы аппарель қарастырылған.

Жаңа автобустарды көрген аймақ басшысы қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту ісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

«Наурыз мейрамы қарсаңында қала тұрғындарына жақсы тарту болды деп ойлаймын. Автобустардың барлығы заман талабына сай жабдықталған. Жолаушыларға өте қолайлы. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Жолаушы тасымалдаушыларға әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады», – деді Берік Уәли.

Семейде қоғамдық көлік саласын жаңарту жұмыстары биыл да жалғасады. Жоспар бойынша қалаға 70-ке жуық жаңа автобус сатып алынбақ. Қазіргі уақытта соның 46-сы алынған. Оның 14-і жыл басынан бері желіге шығып, тұрғындарға қызмет көрсетіп жүр. Өткен жылы да автопаркті жаңарту мақсатында 62 автобус алынған болатын.

Қазір Семей қаласында 43 маршрут жұмыс істейді. Бұл бағыттарға 329 автобус тартылған. Облыс орталығында жолаушы тасымалымен 5 тасымалдаушы айналысады. Қоғамдық көлік паркін жаңарту шаһардың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Семейде қоғамдық көлік жаңарып жатыр: қалаға 32 жаңа автобус әкелінді Семейде қоғамдық көлік жаңарып жатыр: қалаға 32 жаңа автобус әкелінді

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС