"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады

14.03.2026
Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады

DCIM101MEDIADJI_0891.JPG

11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында су басу қаупі бар учаскелердегі ахуалды барып көрді. Өңірдегі көктемгі кезеңге дайындық аясында аймақ басшысы жауапты мекемелерге алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

«Қазгидромет» РМК Абай облысы бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандары су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарында тұр. Осыған байланысты облыс әкімі Аягөз қаласындағы «Қуаныш» мөлтек ауданында орналасқан қауіпті учаскелердің бірін арнайы барып тексерді. Бұл аумақта жер асты суының көтерілуі байқалған.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су жиналуының алдын алу және жағдайды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар су ағар жүйелерін үздіксіз тазалап, қажетті техника мен жұмыс күшін толық жұмылдыруды міндеттеді.

Қазір аталған аумақта 2 тиегіш, 2 JCB арнайы техникасы, 2 Shacman жүк көлігі және 13 адамнан құралған жұмыс тобы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мамандар су ағар арықтарды тазалап, топырақ шығару, арықтарды кеңейту және су бағытын реттеу жұмыстарын жүргізуде. Күн сайын су ағар науалары мен арықтар тазартылып, судың еркін ағуына жағдай жасалуда.

Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаров көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қалада ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінге дейін қала көшелерінен 32 мың текше метр қар арнайы орындарға шығарылған. Бұдан бөлек, 8,8 шақырым жабдықталған су ағар арық, 12 шақырым жабдықталмаған арық және 85 су өткізгіш құбыр тазартылған.

Қажет болған жағдайда қосымша күш тарту да қарастырылған. Қазіргі таңда «Аягөз-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 6 су сору техникасы, теміржол мекемесінің 3 техникасы және №13 өрт сөндіру бөлімінің техникасы дайын тұр. Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімі 5 тонна дизель отыны мен 3 тонна АИ-92 бензин қорын әзірлеп қойған.

Облыс әкімі сапар барысында Аягөз қаласындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге де барып, баспанамен қамту бағытындағы жұмыстармен танысты. Аталған үй өткен жылы пайдалануға берілген. Қазір «Отбасы банк» АҚ арқылы пәтерлерді сату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 8 пәтердің иелері қоныстанған.

Сонымен қатар бір бөлмелі 2 пәтер, екі бөлмелі 1 пәтер және үш бөлмелі 2 пәтер Аягөз ауданының тұрғын үй қорына берілген. Бұл баспаналар әлеуметтік санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Аймақ басшысы облыс тұрғындарын баспанамен қамту және көктемгі қауіптің алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады Берік Уәли Аягөздегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралады

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫАягозБерік УәлиСУ ТАСҚЫНЫтұрғын үй

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

12 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

12 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

12 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС