2026 жылғы 15 наурыз күні Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде қала өнерпаздарының қатысуымен салтанатты музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.
Референдум учаскесіне келген тұрғындар ұлттық өнердің әуенімен қарсы алынып, оркестр қазақтың дәстүрлі күйлерін орындады. Бұл шара учаскеде ерекше рухани әрі мәдени атмосфера қалыптастырды.
Бағдарлама барысында халыққа кеңінен танымал ұлттық күйлер орындалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындары ұлттық өнерді тамашалай отырып, қоғамдық маңызы зор саяси науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Мұндай мәдени бастамалар референдум күні қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық музыка мен мәдениеттің үндестігі маңызды күннің мән-маңызын арттыра түсті.







