Семей қаласындағы «Семей медицина университеті» КЕАҚ бас оқу ғимаратында орналасқан №93 учаскелік референдум учаскесінде дауыс беру процесі қарқынды түрде жалғасып жатыр.
Абай Құнанбаев көшесі, 103 мекенжайында орналасқан учаскеге келушілердің қарасы қалың. Мұнда қала тұрғындарымен қатар, университет студенттері де келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беруге қатысқан жастарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Комиссия мүшелері өз жұмыстарын таңғы сағат 06:00-де бастап, дауыс беру процесінің заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.
Учаскелік комиссия төрағасы Имдат Мусаевичтің айтуынша, дауыс беру референдум тәртібіне толық сәйкес ұйымдастырылып, барлық рәсімдер талапқа сай жүргізілуде.







