"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ашықтық және жоғары қатысу: Өзбекстан ОСК төрағасы референдумның өту барысын бағалады 

15.03.2026
Ашықтық және жоғары қатысу: Өзбекстан ОСК төрағасы референдумның өту барысын бағалады 
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде келген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев референдумға дайындық пен дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, делегация жұмысын елге келген бойда, яғни кеше бастаған.

Біз кеше келдік. Келгеннен кейін бірден референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссияның төрағасымен және мүшелерімен екіжақты кездесу өткіздік. Дайындық барысына қатысты барлық сұрағымызға жан-жақты жауап алдық, – деді ол.

Бақылаушы өзбекстандық тарап науқанды ұйымдастырудың барлық кезеңіне, сондай-ақ қысқа уақыт ішінде атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның сөзінше, осы кездесудің өзінде делегация ұйымдастырушылардың дайындық деңгейі туралы нақты түсінік қалыптастырған.

Әріптестеріміз барлық сұраққа толық жауап берді. Сол себепті референдумды өткізуге жауапты топтың толық дайын екеніне көз жеткіздік, – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Зайниддин Низамходжаев бүгінгі дауыс берудің ел үшін маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, бұл референдум – Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды оқиға.

Бүгін өтіп жатқан референдум – Қазақстан үшін жаңа тарихи белес, елдің жаңа болашағының бастауы, – деді ол.

Көп жылдан бері сайлау жүйесінде еңбек етіп келе жатқан маман ретінде ол жүргізілген дайындық жұмыстарының ауқымы мен сапасының айқын көрініп тұрғанын ерекше атап өтті.

Сайлау комиссиясының басшысы ретінде әріптестеріміздің өте ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізгені мені қуантады. Бұл бүгін анық көрініп тұр, ал біз соның куәсі болып отырмыз, – деді Зайниддин Низамходжаев.

Бақылаушының айтуынша, учаскелерді аралау барысында делегация комиссиялардың ұйымдасқан жұмысын ғана емес, азаматтардың белсенді қатысуын да байқаған. Оның сөзінше, учаскелердегі жалпы ахуал да назар аудартқан.

Сайлау комиссияларындағы жас мүшелер мен қоғамдық бақылаушылар бізді қуантады. Олардың белсенділігі жағымды әсер қалдырды, – деді ол.

Өзбекстан өкілінің бағалауынша, күннің алғашқы жартысында-ақ сайлаушылардың белсенділігі айқын байқалған.

Бізді қуантатыны – сағат 12-ге дейін бірнеше учаскені аралап үлгердік, сол уақытқа дейін сайлаушылардың 40 пайыздан астамы келіп, өз дауысын беріп үлгерген, – деді ол.

Бақылаушы делегация тек сайлаушылардың келу көрсеткішіне ғана емес, барлық рәсімдердің сақталуына да ерекше назар аударғанын айтты. Оның сөзінше, учаскелерде халықаралық бақылаушылар комиссия өкілдеріне сайлаушылар саны, халықты хабардар ету тәртібі, сондай-ақ учаскеге өздері келе алмайтын азаматтар үшін дауыс беру қалай ұйымдастырылғаны жөнінде нақты сұрақтар қойған.

Біз үшін қанша сайлаушы бар екені, оларды қалай хабардар еткені, мүгедектігі бар азаматтар мен сырқаттанып, үйінен шыға алмайтын адамдар үшін қандай жағдай жасалғаны маңызды, – деп түсіндірді Зайниддин Низамходжаев.

Бақылаушы дауыс берудің қолжетімділігі мәселесіне де арнайы тоқталды. Оның айтуынша, комиссия өкілдері алдын ала өтініш берген азаматтар үшін үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылғаны туралы да мәлімет берген.

Мысалы, бір учаскеде үш адам үйден дауыс беріп үлгерген – олар алдын ала өтініш тапсырған, бұл заңнамада қарастырылған. Ал кейбір учаскеде жеті адам. Тағы бір учаскеде 12 азамат үйде дауыс беру үшін өтініш бергенін өз көзімізбен көрдік, – деді Зайниддин Низамходжаев.

Оның пікірінше, бұл дауыс беру рәсімі әртүрлі санаттағы азаматтардың жағдайы ескеріліп ұйымдастырылғанын көрсетеді.

Яғни референдумды Қазақстан заңнамасының талаптарына сай өткізу үшін барлық жағдай жасалған, – деп атады спикер.

Жалпы дауыс беру барысына тоқталған Өзбекстан өкілі делегация бақылауы барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты.

Біздің байқауымызша, ешқандай заңбұзушылық болған жоқ, – деді ол.

Сонымен қатар ол комиссия мүшелерінің бақылаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ашық әрі толық жауап бергенін ерекше атап өтті.

Айта кету керек, комиссия төрағасы, хатшылар және барлық комиссия мүшелері біз қойған сұрақтардың бәріне толық жауап берді, – деді бақылаушы.

Сөз соңында ол Қазақстан азаматтарына өз тілегін білдірді.

Ақылды, парасатты қазақ халқына өз таңдауын жасауын тілеймін, – деді Зайниддин Низамходжаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

4 часа бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

8 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

8 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

9 часов бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

10 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

15 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

1 день бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

1 день бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

1 день бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС