"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының жаңа әкімін таныстырды

01.04.2026
Облыс әкімі Бесқарағай ауданының жаңа әкімін таныстырды
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының жаңа әкімі болып сайланған Ділдар Қалиқанұлы Қалиқанды аудан активіне таныстырды.

«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес, 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Ділдар Қалиқанұлы Қалиқан Бесқарағай ауданының әкімі болып ресми түрде сайланды. Ол 29 наурыз күні өткен тікелей сайлау қорытындысы бойынша басым дауыспен жеңіске жеткен.

Жиын барысында Бесқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Баталов жаңадан сайланған әкімге арнайы куәлігін табыстады.

Облыс әкімі Берік Уәли өз сөзінде Ділдар Қалиқанұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, білікті басшы екенін атап өтті. Аймақ басшысы Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылығы саласында да, орман шаруашылығы бағытында да әлеуеті жоғары өңір екенін айтты. Сонымен қатар, ауданның өзіндік ерекшеліктері мен шешімін күткен мәселелері де бар екенін жеткізіп, жаңа әкімнің әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту және елді мекендердің көркеюі бағытында белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Айта кетейік, былтырдан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерін тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы сайлау мүмкіндігіне ие болды. 2023 жылы пилоттық режимде Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы өткен. Ал 2025 жылы өңірде Жаңасемей, Көкпекті аудандарының және Семей қаласы әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылды. Семей қаласы әкімінің сайлауы ел тарихындағы облыс орталығы әкімін тікелей сайлаудың алғашқы үлгісі ретінде тіркелген.

Ділдар Қалиқанұлы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында туған. Еңбек жолын бизнес құрылымдарында бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында, облыс әкімі аппаратында, Зайсан және Катонқарағай аудандарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ Катонқарағай ауданының әкімі, Абай облысы әкімінің кеңесшісі болған. 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бері осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС