"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, компаниялардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Президенттің айтуынша, әрбір кәсіпкер қолдау шаралары туралы толық біліп, оларды қалай алуға болатынын түсінуі керек. Сонда шағын бизнестің орта бизнес санатына өтуге ынтасы артады.

«Әділет» партиясының бағдарламасында орта бизнестің үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру және бес жыл ішінде 1 миллион жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын көбейту және қазақстандық компаниялардың өнімін шетел нарықтарына шығару қажет.

Отырысты ашқан «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша айырмашылық бар екенін атап өтті. Қазір елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын 2 миллионға жуық кәсіпкерлік нысан бар. Алайда орта бизнеске жататын заңды тұлғалардың үлесі шамамен 0,2% ғана. Оның айтуынша, Іскерлік кеңес бұған дейін түрлі саланың өкілдерімен бірнеше кездесу өткізген. Кәсіпкерлерден түскен ұсыныстардың бір бөлігі партия бағдарламасының экономикалық бағытына енгізілді.

«Әрбір шара нақты деректерге сүйеніп, кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен шектеулерін ескеруі тиіс. Нәтижесі де нақты көрсеткіштермен бағалануы керек. Инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту, отандық өндірісті дамыту және экспортты ұлғайту маңызды», — деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасы Іскерлік кеңестің жұмысына қатысты жаңа тәсілді де тілге тиек етті. Оның сөзінше, мәселелер нақты деректерге сүйеніп талқыланып, ұсынылатын шешімдердің экономикалық тиімділігі есеппен негізделуі керек.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы шағын бизнестен орта бизнес санатына 429 кәсіпорын өткен. Бюроның Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары Наурыз Байзақовтың айтуынша, өсіп келе жатқан компаниялармен жүйелі жұмыс жүргізу үшін «Өсу картасы» әзірленген. Платформа статистикалық және әкімшілік деректерді біріктіріп, орта бизнес санатына ресми түрде өтпей тұрып-ақ өсу әлеуеті бар кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмірин компанияның көлемін анықтағанда, оның басқа компаниялармен байланысын ескеріп, ең алдымен табыс мөлшеріне сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ ол «Өссең – қолдаймыз» қағидатын енгізіп, шағын бизнестен орта бизнеске өтетін кәсіпорындарға арнайы қолдау шараларын қарастыру бастамасын көтерді.

Отырысқа қатысушылар кәсіпкерлердің компанияларын әдейі өсірмей ұстауына себеп болатын мәселелерді де талқылады. Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының мүшесі Айжан Балакешева басқа санатқа өткен кезде айыппұлдардың көбейіп, қосымша салықтық тексерулер қаупі артатынын жеткізді. Оның пікірінше, бұл жағдай кәсіпкерлердің бизнесті кеңейтуге деген ынтасын төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ ол жеңілдетілген салық режимі қолданылатын кезде заңды тұлғалар арасындағы операциялар бойынша шығындарды шегеруге қойылған тыйымдарды қайта қарауды ұсынды.

Қазақстан инвесторлар одағының басқарма төрағасы Рүстам Жүрсінов салықтан жалтару үшін бір бизнесті бірнеше компанияға бөліп тіркеуді шектеу мақсатында бір-бірімен байланысты компанияларды біртұтас бизнес ретінде қарастыруды ұсынды.  Сонымен қатар, ол кәсіпорындарды шағын бизнестен орта бизнеске өткізу ғана емес, олардың әрі қарай дамуына жағдай жасау маңызды екенін айтады. Бұл үшін бизнес көлемін анықтау кезінде әр саланың ерекшелігін ескеріп, орта бизнес санатына өткен компанияларға жаңа талаптарға бейімделуге уақыт беру қажет.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы шараларды үйлестіріп, бір жүйеге келтіруді ұсынды. Кәсіпорындар өз өнімдеріне деген сұранысты алдын ала білуі үшін алдағы 3-5 жылға арналған өнеркәсіптік сұраныс картасын әзірлеу бастамасын көтерді. Сондай-ақ шикізатты шетелге сатудан гөрі, оны ел ішінде өңдеу тиімді болатындай жағдай жасау қажеттігін айтты.

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец ұзақ мерзімді келісімшарттар болған жағдайда инвесторлардың қаржы салуға дайын екенін жеткізді.

«Егер ұзақ мерзімді келісімшарттар мен нақты даму перспективасы болса, біз мұнда зауыттарды нөлден бастап салуға дайынбыз», — деді ол.

Сонымен бірге жерді пайдалану мақсатын өзгерту тәртібін жеңілдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді жоюды ұсынды.

Бизнестің өндірістік кооперацияны дамыту жөніндегі бастамаларын қолдаған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық өндірушілерді кеңінен тарту үшін өнеркәсіптік кластер ұғымы енгізілгенін айтты. Министр ірі өндіріс орындарының айналасында қажетті инфрақұрылым құрудың маңызына тоқталды.

«Ірі инвестициялық жобаның тиімділігі инвестиция көлемі мен ашылған жұмыс орындарының санымен ғана өлшенбейді. Жоба аясында жаңа отандық жеткізушілер тартылып, шағын және орта бизнестің дамуына да мүмкіндік берілуі керек», — деді министр.

Кәсіпкерлердің ұсыныстарын одан әрі пысықтау үшін «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі тұрақты жұмыс істейтін форматқа көшеді. Кеңес бизнестің мәселелерін жинақтап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын әзірлейді. Кейін бұл ұсыныстар заңнамалық бастамаларға, депутаттық сауалдарға немесе Үкіметке жолданатын ұсыныстарға айналуы мүмкін.

Іскерлік кеңестің жұмысына тең төрағалар жетекшілік етеді. Олардың қатарына «Alageum Electric» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов кірді.

Экономиканың негізгі секторлары бойынша 13 салалық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамы салалық қауымдастықтардың ұсыныстары, қатысушылардың кәсіби тәжірибесі мен тиісті салалардағы практикалық жұмысы ескеріле отырып жасақталған.

Өңірлерде бұл жұмысты партия филиалдары жанындағы Іскерлік кеңестер жалғастырады. Олар кәсіпкерлердің жергілікті жердегі мәселелерін жинақтап, пысықтайды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге әкімшілік қысым көрсету мәселелерін қарау үшін Бизнесті қорғау кеңесі құрылды.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, бірнеше мемлекеттік органның қатысуын қажет ететін мәселелерді шешу үшін Үкімет жанынан Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе құрылады.

«Жобалық кеңсе кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін вице-премьер деңгейінде жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда өнеркәсіп саласына жауапты вице-премьер де қатысады. Салалық кеңестерде көтерілген барлық мәселе осы деңгейде қаралып, шешімін табады», — деді Эльдар Жұмағазиев.

Жиын соңында Айбек Дәдебай қатысушыларға нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды есеп-қисаппен негіздеуді тапсырды.

«Мәселені шешу жолын ұсынбай, оны жай ғана көтеріп, соза берудің қажеті жоқ. Бизнес тарапынан нақты шешімдер мен есептер қажет», — деп түйіндеді партия төрағасы.

Мақұлданған ұсыныстардың барлығы оларды іске асырудың нақты қадамдары мен орындалуын бақылау тәртібі белгіленген ортақ жол картасына енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

22 часа бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС