Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев қорғады.
Қазақстандық дзюдошылар ширек финалда Қырғызстан құрамасын 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 4:3 есебімен басым түсті. Ал финалда Жапония құрамасына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Ажар Асхат Азия ойындарында дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта да күміс медаль жеңіп алған болатын.








