"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИФ САЯСАТЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

25.08.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Достық үйінде коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуіне байланысты қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиынға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев, «Теплокоммунэнерго» МКК әкімшілік құрамы және қала тұрғындары қатысты.

 

{jcomments on}Қоғамдық тыңдауды өткізуге Семей қаласындағы жылу ақысының көтерілуі арқау болыпты. Ағымдағы жылдың 30-шы сәуірінде «Теплокоммунэнерго» МКК жаңа ұзақ мерзімді тарифті (5 жылға) бекіту үшін облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне өтініш білдірген болатын. Мекеменің экономикалық жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азат Рахымғалиев атап өткендей, бағаны қосуға көмір, электр қуаты және судың қымбаттауы әсер еткен. Сонымен қатар қызметкерлердің орташа еңбекақысын көтеру қажеттілігі туындауда. Бұдан бөлек қазіргі тариф өз құнын ақтамай отыр екен. Сол себепті алдағы бес жылда жылу энергиясы мен судың бағасын кезең – кезеңмен 53%-ға  көтеру жоспарланып отыр. Ал аталмыш кәсіп- орын қала бойынша 17 жылу кешеніне қызмет көрсетеді. Олардың қатарына № 1 ЖЭО және он алты жылу қазандығы кіреді. Мекеменің қарамағына 72 жылу пункті мен 282 шақырымды құрайтын жылу желісі қарайды. Ұжымның бас экономисі баяндағандай, «Теплокоммунэнерго» берешекке белшеден батқандықтан тек осындай қадам арқылы ғана тығырықтан шыға алады. Бүгінгі күннің өзінде қарыз көлемі 1 млрд. теңгеден асып отыр.

 

– Қазіргі күнгі жылу ақысы мекеме шығынын ақтамайды. Сондықтан да тариф саясатын қайта қарастыруға тура келді. Өздеріңізге мәлім болғандай, қажетті отын да қымбаттау үстінде. Сонымен қатар 2016-2020 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыруымыз қажет. Оның аясында қазандық агрегаттары мен жылу желілерін ауыстыруды көздеп отырмыз. Жылу құны 53 пайызға бірден көтерілмейді. Ол — сатылап жүзеге асырылатын процесс,- деді А. Рахымғалиев.

Жиында бірқатар мәселелер ортаға салынды. Атап айтсақ, жылу жүйелерін модернизациялау бағдарламасы шеңберінде, шаһардағы № 1 ЖЭО және РК-1 орталықтарын қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары соңына жетіп қалғаны мәлім болды. Оның нәтижесінде қазандықтардың техникалық мүмкіндіктері қалыпқа келтіріліп, қуат тапшылығы мәселесі біржолата шешіледі деп күтілуде. Сондай-ақ Семейдің оң жақ жағалауындағы жылу нысандарын реконструкциядан өткізу мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық қазынадан 1,8 млрд. теңге бөлініпті.

Қоғамдық тыңдаудың соңында сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов еліміз үшін осындай жауапты кезеңде атқарушы билік шаһардың жылу мәселесін басты назарда ұстайтындығын жеткізіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға коммуналдық қызметті өтеу барысында көмек берілетіндігін айтты.

— Тариф бағасын көтеру — мекеменің жағдайына байланысты туындаған мәжбүрлік. Коммуналдық қызметтер өздерінің шығынын азайтуы қажет. Сол бағытта олар бірқатар жұмыстарды қолға алып, атқаруы тиіс. Бүгін біз мекеменің кірісін арттыру жайлы көп әңгіме қозғадық. Алайда апатты жағдай туындағанда, не істеу қажет деген сауал қойылмады. Осы орайда апатты сәтте шұғыл әрекет ететін арнайы құрылым жасақтауымыз қажет деп ойлаймын. Мәселен, түнгі сағат 1-де үйімізде құбыр жарылса, қайда хабарласатынымызды білмей қиналатынымыз жасырын емес. Сондықтан да осы бағытта іс-әрекет жасайтын қызметті құру қазіргі уақыттың басты талабы болып отыр. Мұны алдағы уақытта егжей-тегжейлі зерделеп ойластыратын боламыз. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жетпейтін, әлеуметтік тұрғыдан қамтылмаған тұлғаларға нақты көмек көрсету қолға алынады. Бұл бағытта тиісті шаралар атқарылып жатыр. Алаңдауға еш-қандай себеп жоқ,- деп түйіндеді өз сөзін Ермак Бидахметұлы.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

19 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС