"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

01.09.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тамыздың 28-29 күндері шаһарымыздағы Семей мемлекеттік медицина университетінің ғылыми базасында Б. Атчабаров атындағы «Экология. Радиация. Денсаулық» атты XІ дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылатын аталмыш шара барысында радиациялық экология мен қауіпсіздік, сонымен қатар экологиялық нашар аймақтарда тұратын халықты емдеу және оңалту мәселелері мамандар тарапынан талқылауға түсті.

Қалыптасқан үрдіске сай, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Жапония, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және тағы басқа елдердің танымал ғалымдары қатысты. Айта кету керек, Ұлт Көшбасшысы                    Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Семей ядролық сынағының зардабын шегуші халықты оңалту мақсатында бірқатар ілкімді шаралар қолға алынған. Соның ішінде әсіресе медицина саласындағы ғалымдар жұмысына айрықша мән берілген. Конференция барысында аталмыш тақырып зерттеушілер тарапынан барынша терең қозғалып, тұшымды баяндамалар жасалды.

 

{jcomments on}Конференция барысында құрметті қонақтардың қатарында Нагасаки университетінің вице-президенті Шуничи Ямасита,  Нашим медициналық Ассоциациясының президенті Ясуши Макимото, Санк-Петербург оңтайландыру дәрігерлер кеңесінің төрағасы, осындағы ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы В.Ковальчук, Нагасаки университетінің вице-президенті Суничи Ямашита, Шиманэ қаласындағы Жапония университетінің экс-президенті Шотаи Кобаяши, Еуразиялық ракты зерттеу институтының Президенті Нұрбек Игісінов, Қырғыз Республикасының Ұлттық онкологиялық орталығы директорының орынбасары Энвербек Соодонбеков, Тәжікстан Республикасының республикалық онкологиялық ғылыми орталығы директорының орынбасары Диловар Ганиев және басқа да жаһандық деңгейдегі ғалымдар болып, ғылыми басқосудың салмағын арттыра түсті. Бір бұл емес, конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, емдеу-профилактикалық мекемелерінің, қалалық және облыстық әкімдік, ғылыми-зерттеу орталықтарының, еліміздің және ТМД елдерінің зертханаларының, облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері қатысты.

 

Конференцияда жиналған оқымыстылар өздерінің пайымды пікірлерін, зерттеулерін ортаға салды. Секциялық отырыстарда радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік тақырыбында баяндамалар жасалды.

– Бүгінде бүкіл әлемге әйгілі бір жайт — Семей полигонының жабылуы – күллі бейбітшіліксүйгіш жаһан жұртшылығы үшін ерекше тарихи оқиға. Алайда бұл ғасыр алапатының салдары ұзаққа созылғаны белгілі. Ендігі арада дәрігер-ғалымдар үшін тың тапсырмалар бар. Ол – радиа-циядан зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек беру және оңалту ісі. Біз бұл ретте баршамыз бірігіп, бірлесіп әрекет етуіміз керек, — дейді Нагасаки университетінің вице-президенті Суничи Ямашита. — Ал бұл жолғы конференция біз үшін өте маңызды. Жапондық ғалымдар бұған дейін көптеген елдердің ғылыми-зерт-теу институттарымен байланыс орнатып келдік. Ендігі арада Қазақстан арқылы ТМД елдерінің ғалымдарымен тізе қосып жұмыс істей аламыз. Бұл жұмыс енді жалғасын таба беретін болады, — дейді жапондық ғалым.

Сонымен қатар конференцияның алғашқы күніндегі ғылыми басқосудың салтанатты түрдегі ашылу рәсімі өтті. Оған қатысқан қала әкімі Ермак Сәлімов барша жиналған ғалымдарды, онколог мамандар мен радиология саласында зерттеу ісін жүргізіп жүрген кәсіби мамандарды арнайы құттықтады. Сонымен қатар  осынау шара барысында медицина университетінің ректоры Төлеубай Рахыпбеков қала әкімін оқу орны аясында жаңадан ашылған кабинеттермен таныстырды. Солардың арасындағы бірегейі — «Астана» кабинеті. Бұл дәріс бөлмесі студенттер қауымына патриоттық тәрбие беру мақсатында ашылып отыр. Ал жапондық-этнографиялық үлгіде ашылған арнайы бөлме тіптен ерекше. Мұнда әсіресе  Жапония елінен келген делегация мүшелері ұзағырақ аялдады.

Ал Б.Атчабаров атындағы «Экология. Радиация. Денсаулық» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясының жабылу рәсімі ертеңгісін 29 тамыз күні қорытындыланды.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

15 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

15 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

18 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС