"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛМАТЫДА ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

09.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік Орталық музейі және Семейдің тарихи-өлкетану музейі өзара байланыс орнатып, көптеген ортақ шаралардың бастамашысы болып келеді. Осы ретте Ұлы Абайдың 170 жылдығына орай Алматыда «Абай әлемі» атты бірлесе ұйымдастырылған  көрме ашылған болатын.

Көрменің ашылу салтанатында алғашқы болып ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры, белгілі этнограф-ғалым Нұрсан Әлімбай сөз алды. Ал өз кезектерінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Абайтану» институтының директоры, профессор Жанғара Дәдебаев, халықаралық «Абай» қорының  президенті Жұмабек Ашуұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы ұлы ақын шығармашылығы, оның мәселелері мен тәрбиелік мәні туралы сөз қозғады.

 

{jcomments on}Көрменің құндылығы мен ауқымын Семейдің тарихи-өлкетану музейі қорының 100-ден астам жәдігерлері арттыра түсті. Фотоматериалдар, мұрағат құжаттары, Абай заманындағы Семей көріністері, шығыс, орыс классиктері шығармаларының ертедегі басылымдары, ақын заманының бет-бейнесін көрсететін этнографиялық заттар көрмеден лайықты орын алды.

 

Көрме барысында мектеп оқушылары Абайға арнауларын оқыса, Абай атындағы Опера және балет театрының әртісі Нәйлә Жарна Абайдың «Қор болды жаным» әнін, ал Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерватория әншілері «Айттым сәлем, Қаламқас» әні мен «Абай» операсынан Ажардың ариясын орындады. Ал көрменің екінші бөлімінде Абай шығармашылығы, Семейдің тарихи-өлкетану музейінің тарихы туралы танымдық дәрістер тыңдаған оқушылар мен студенттер Абай өлеңдерін жатқа айтуға мүмкіндік алды.

Музей ғасырлар шежіресі мен өмірдің рухани қазынасы дейтін болсақ, көрмедегі ұлы ақын әлемін ашатын қос музей жәдігерлері алматылықтар мен қала қонақтарының құрметі мен ілтипатына бөленді.

Еліміздің музей кеңістігінде ұзақ жылдар бойы көшбастаушы болып келе жатқан Мемлекеттік Орталық музейімен Семейдің тарихи-өлкетану музейі қазақ халқының тарихы мен өнерін, мәдениетін өсер ұрпақ тәрбиесіне айналдыру жолында алдағы уақытта да рухани-мәдени байланыста қызмет жасайтын болады.

Шынар МҰРАТҚЫЗЫ, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

4 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

4 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

6 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС