"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТИІМДІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

13.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар күні аталып өтеді. Семейде бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Осы ретте атаулы күнге орайластырылған шаралар шаһардағы жалпы білім беретін № 20 және № 4 мектептерінде де өтті. Атап айтсақ, екі мектепте де Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ Бірлескен бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған модульді алаңдар ашылды.

Арнайы жабдықтармен жасақталған орынның бірі — № 20 жалпы білім беретін орта мектеп базасында ашылса, аутизммен ауыратын балаларға арналған сынып № 4 орта мектеп ғимаратында орналастырылды. Аталған жобаларды БҰҰ-ның қаржылай қолдауымен «Құқықтық сана академиясы» ҚҚ мен «Ерекше әлем» ҚҚ жүзеге асырып отыр. Ондағы мақсат — оқыту мен тәрбиелеуде қиындық тудыратын балаларды тиімді емдеу-сауықтыру және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

 

{jcomments on}Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ Бірлескен бағдарламасының негізгі жұмыстарының бірі — өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету. Бұл жолғы жобалардың жүзеге асуы да осы мақсаттардың орындалуына негізделсе керек.

 

Жоба аясында алғаш болып іске қосылған қаладағы № 20 жалпы білім беретін мектебіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған коррекциялық сынып болды. «Құқықтық сана академиясы» ҚҚ жүзеге асырған жоба аясында сөйлеу қабілеті мен психологиялық дамуы төмен балаларға арналған екі сынып пайдалануға берілді. Келесі жаңашылыққа № 4 жалпы білім беретін орта мектепте көз жеткізуге болады. Мұнда 12 балаға арналған коррекциялық сынып ашылды. Онда сөйлеу қабілеті төмен, аутизм дертіне шалдыққан балаларды қабылдайды. Мұнда әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оқытуға жағдай жасайды. БҰҰ жоба менеджері Рауан Қалиевтің сөзіне сүйенсек, игі істің жүзеге асуына Семей қалалық әкімдігі және білім бөлімі де мұрындық болған.

— Аталмыш жобалардың мақсаты —  мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу және алғашқы білім алуларына толықтай мүмкіндік жасау. Бүгінгі таңда жеткен жетістіктеріміз көп. Себебі осындай коррекциялық сыныптан, жалпы сыныпқа ауысып жатқан балалар бар. Ол біз айтып отырған әлеуметтендіру мәселесінің оң шешіліп жатқанын көрсетеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, — дейді Р.Қалиев.

Жалпы, әрбір жобаның құны 1 млн. 800 мың теңге.  Бұл қаражатқа арнайы оқу құралдары, сыныпқа арналған жабдықтар және балаларға арналған демалу бұрыштары алыныпты. Жоба аясында білім бөлімі тарапынан арнайы штат бөлініп, оларға Астанадан келген мамандар семинарлар жүргізген.

«Ерекше әлем» қоғамдық қорының директоры Арайлым Әлімжанованың айтуынша, коррекциялық түзету сыныптарында арнайы мұғалімдермен қатар психологтар мен логопеттер де жұмыс жүргізетін болады. Олар қажет болған жағдайда аутизмге шалдыққан балаларды төрт жылға дейін тәрбиелемек. Дегенмен нәтиже жақсы болса, балдырғандар бірден қарапайым сыныптарға ауысуға мүмкіндік бар. Жалпы, мамандар егер аутизммен күресті жаппай жүргізсе, науқастардың санын азайтуға болатынын айтады. Бұдан бөлек, аутизмге шалдыққан балалармен дұрыс жұмыс жасалса, олардың көбі қоғамға сіңіп, мектептерде білім алуына мүмкіндігі бар көрінеді.

— Аутизм дертіне шалдыққан балаларды музыка, техникаға тәрбиелесе, жақсылап үйретіп, көрсететін болса, болашақта олардан сол саланың жақсы маманы шығуы мүмкін. Егер баланы ерте жастан емдеп тәрбиелеген жағдайда, жеті жасында қарапайым балалармен сабаққа да бара алады. Өкнішке орай қаламызда ондай орталықтар жоқ. Біздің қор қазір мектеп жасына дейінгі балалармен айналысатын орталық ашуды жоспарлап отыр. Осы бағытта жұмыстар атқарылуда, — дейді «Ерекше әлем» қоғамдық қорының директоры Арайлым Әлімжанова.

 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

5 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС