"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАЛЬНИЙ ЫҚШАМ АУДАНЫ: ЖАРЫҚ НЕГЕ ЖОҚ?

02.02.2016
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда «Семей таңы» газетінің редакциясына шаһардың Дальний ауданы тұрғындары хабарласып,  жарық мәселесінің шешімін таппай келе жатқанынына біршама уақыт өткенін айтты. Аудандағы жарықтандыру қызметі жекенің қолына өткеніне де біршама уақыт болғанын жеткізді. Тұрғындардың айтуынша, соңғы төрт жылдан бері  жарығы жанбаған көше тұрғындары әсіресе мектепте оқитын балалары үшін алаңдайтын көрінеді. Өйткені сабақтан қайтқан оқушылар үйлеріне кешкілік уақытта қараңғы көшелермен жүруге мәжбүр.

Дальний ауданының тұрғындарымен жүздесуден бұрын, мәселенің анық – қанығына көз жеткізу мақсатында Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Жанна Шаймұратоваға хабарластық. Сектор меңгерушісінің айтуынша, Семей қаласына қарасты көше жарығының 24 пайызы «Шам – С» ЖШС – не тиісілі. Электр желілерін сатып алған жекеменшік иесі бүгінде өз мүліктеріне немқұрайлы қарап отыр.

— Жекеменшік иесі заң бойынша өздеріне тиесілі мүліктерін қалыпты жағдайда ұстап тұрулары керек. Алайда «Шам – С» ЖШС 2012 жылдан бері бұл міндеттерін орындамай келеді. Соның салдарынан ауданда көше жарығы да берілмей отыр. Оның үстіне желілердегі бағаналардың да тозығы жеткен. Аталмыш мәселе бойынша бізге жол – патрульдік полициясы да бірнеше мәрте шағымданған еді. Осыған байланысты «Шам – С» ЖШС-не өздеріне тиесілі желілерді қалпына келтіру және көше жарығын беру қажеттігі жөнінде ескертулер жасалды, — дейді Жанна Шаймұратова.

Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұған дейін де меншік иесіне өздеріне тиесілі желілерді қалпына келтіру жөнінде ескерту жасаған. Оны елемегендіктен, ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа жүгініп, тозығы жеткен бірнеше көшелерді қалпына келтіруді талап етіпті. Ол кезде сот «Шам – С» ЖШС-не бірқатар көшелердегі (қаланың орталық көшелері) апатты жағдайдағы  желілерді қалпына келтіруді міндеттепті. Алайда серік-тестік ұжымы оған да салғырт қараған.

— Адам өміріне қауіп төндірген бұл көшелер жөндеуден өткізілді. Оның өзінде көшелер біздің бөлімге қарайтын кәсіпорынның күшімен қалпына келтірілді. «Шам – С» ЖШС сот шешімін орындауға құлық танытпады, нәтижесінде осындай әрекетке бардық, — дейді сектор меңгерушісі.

«Шам-С» ЖШС – не Дальний ауданындағы бірқатар электр желілері де қарайды. Бүгінде, олардың жарығы жанбақ түгілі, желілер ұрланып, бағаналары апаттық жағдайға жеткен. Ал тұрғындар тым болмағанда аудандағы негізгі Дальняя көшесінің жарығы қосылса деп отыр. Алайда оған да оңды шешім әлі табылмайтын секілді. Өйткені бұл мәселені нақты кімдердің шешуі керектігі түсініксіз.

— 2014 жылы Дальняя көшесін күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Осыған байланысты жобалық — сметалық құжаттар әзірленген еді. Аталған жобаға, жолды жөндеуден өзге, көше жарығын жаңадан тарту да енгізілген болатын. Жөндеу жұмыстары 2014 жылы басталып, бір жылдың ішінде, яғни 2015 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда бюджеттегі қаражат тапшылығына байланысты сол жылы тиісті қаражат бөлінбей қалды. Ағымдағы жылы жұмыстарды жалғастыру мақсатында қайтара тапсырыс бердік. Егер қаражат бөлінетін болса, мемлекеттік тапсырысты ұтып алған мердігер бұл жұмыстарды жал-ғастыратын болады. Сәйкесінше, көше жарығы да жаңадан орнатылады, — дейді Жанна Шаймұратова.

Бұл жерде түйткілді мәселені шешудің жалғыз жолы бар секілді. Себебі меншік иесі қалтасынан қаржы шығарып желілерді қалпына келтіруі неғайбыл. Сондықтан желінің қалпына келіп, көше жарығының берілуі үшін, ең алдымен, жолдың жөнделуін  күту керек. Ал ол үшін қомақты қаражат қажет. Көше жолын толыққанды аяқтауға қаражат қарастырылып, жарық беруге қажетті жаңа желі тартылған жағдайда, желілер толықтай мемлекеттің қарауына өтеді екен. Бұдан өзге қалалық ТҮКШ бөлімі қолды болған желілерді мемлекет меншігіне қайтарудың басқа да жолдарын қарастырып жатқан көрінеді.

— Қазір жекенің қолына өтіп кеткен желілерді коммуналдық мекеменің меншігіне қайтару мәселесі қарастырылуда. Оның өзінде желілердің жағдайы толықтай зерттелетін болады. Егер қайта қалпына келтіруге жатпайтын жағдайда болса, жаңасы тұрғызылады. Жоғарыда айтқан жобаны аяқтау жоспарымызда бар. Егер қаражат бөлінетін болса, ерте көктеммен жұмыстарды мердігер бастап кетеді.  Жалпы, «Шам — С» ЖШС-мен қандай да бір келісімге келе алмаған жағдайда, біздің жаңа желілер тартуға құқығымыз бар. Оған ешқандай шектеу қойылмаған. Алайда оның барлығы қаражатқа байланысты, — деп нақтылады Жанна    Шаймұратова.

Осы тұста меншік иесінің осынша уақыт бойы жұмысына салғырт қарап, тұрғындарға қолайсыздық туғызғаны үшін жауап беру-бермеуі жайын біз де сұрастырдық. Бұл жайында Жанна Шаймұратова жауап берді.

— Шығыс Қазақстан облысын абаттандырудың 2015 жылғы жаңа ережесінде жекеменшік иесі мүліктерін өздері ұстап тұрулары керектігі туралы нақты көрсетілген. Біз осыған байланысты қалалық ІІБ-на жүгіндік. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде абаттандыру ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікте тарту қарастырылған. Яғни айыппұл салу туралы арнайы бап бар. Сондықтан да қалалық ІІБ-на     жазылған хатта тәртіп сақшыларынан оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініш жіберілген. Екі жыл қатарынан (2013-2014 жылдары — авт.) хат жолдап келеміз. Серіктестікті қандайда бір жауапкершілікке тартқандарын естіген жоқпын, — дейді Ж.Шаймұратова.

Осы ретте қалалық ІІБ-на жүгіндік. Құқық қорғау органдарының айтуынша, қалалық ТҮКШ бөлімі жүгінген кезде, қалалар мен ауылдық жерлерді абаттандырудың ережесі бекітілмеген екен. Аталмыш құжат облыстық мәслихатпен 2015 жылдың қараша айында  бекітіліп, тек сол жылдың желтоқсан айында ғана заңды күшіне енген.

— Осыған дейін біз Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-ші бабы    бойынша жауапқа тарта алмадық. Өйткені өңірді абаттандыру ережесі облыстық мәслихатпен жақында ғана бекітілді. Тіпті қазірдің өзінде әкімшілік жауапкершілікке тартпас бұрын алдымен бағаналардың, шамдар мен көптеген жайттардың жағдайларын тексеруіміз керек. Алдағы уақытта қалалық ТҮКШ бөлімі қайта жүгінетін болса, тексеру шаралары жүргізіледі, — дейді    Семей қаласы ішкі істер басқармасының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Елубек Оспанов.

Тараптардың мәселесіне қаныққан соң, Дальняя көшесі тұрғындарына арнайы барып тілдесудің де сәті түскен еді.

— Өткен жылы қалалық әкімдікке      хабарласқанымда, жекенің қарамағындағы желілерде әзірге жарық болмайтынын айтты. Көше жарығының жоқтығы, әрине, өте қиын соғып тұр. Одан қалды ауданымызда қысы-жазы бұлақ суы ағатын күйге жеттік. Осы ауданда 32 жыл тұрып келе жатырмыз. Алайда мұндай жағдай ешқашан болмаған, су соңғы үш жылда пайда болып, халықты әбден мезі етті, — дейді қала тұрғыны Елена Пашкова.

Ал ауданның тағы бір тұрғыны Ербол Бектұрсынов судың бұлай жайылу себебін су жолдарының бұзылғанымен байланыстырады. Жалпы, жиналған жұртшылықтың да көзқарасы осындай.

— Құрылыс жұмыстары барысында су жолдарын бұзып алған. Бұған енді жарық мәселесі қосылды. Аудандағы бірде-бір көшеде жарық жоқ. Оқушылар сабақтан қайтқанда қиын соғып тұр. Ауданымызда жол мәселесі де кезек күттірмейді. Әсіресе көктем кезінде ми батпақ орын алып, көлік қатынасы қиындайды. Қоғамдық көлік орталық Дальняя көшесімен ғана жүреді, — дейді Ербол Бектұрсынов.

Осында тұратын Базылхан Ноғай-баев Дальний ауданы жағдайы туралы былай дейді:

— Жарық берілмек түгілі, аудандағы бағаналар апаттық жағдайда. Бағаналар қисайып, құлаудың алдында тұр. Жиырма жыл электр жарығын төлеп келе жатырмыз. Осы мәселені көтеріп ШҚ АЭК-на жүгінгенімізде, бағаналарды өз қаражатымызға жөндеу керектігін айтты. Бәрінен бұрын кешкілік уақытта жүру қиындады. Үлкен азаматтарға ештеңе емес, балаларымыз үшін алаңдаймыз, — дейді Базылхан Ноғайбаев.

Жалпы, жүздесуде, көше жарығынан өзге, басқа да бірқатар мәселелердің барын бағамдадық. Бір байқағанымыз — көпшілікті жарықтан бұрын қысы-жазы ағатын бұлақ суы да қатты алаңдататын секелді.

P.S. Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, «Шам — С» ЖШС өткен жылдан бері банкротқа ұшыраған көрінеді. Қазір жекеменшік иесіне қарасты барлық желілер қалалық ТҮКШ бөліміне беріліп жатыр екен. Бүгінгі күні «Шам — С» ЖШС-не қарасты 32 көшенің құжаттары рәсімделу үстінде. Ал «Шам — С» ЖШС-нің өкілдері басшыларының Астанада екенін айтып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

05.03.2026
«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Таудың кездесуі «Теплокоммунэнерго» МКК ұжымымен жалғасты....

Толығырақ...Details

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық

05.03.2026
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Таудың кездесуі Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы № 51 орта білім...

Толығырақ...Details

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен...

Толығырақ...Details

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ «СИЛИКАТ» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

05.03.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ «СИЛИКАТ» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Семей қаласындағы «Силикат» ЖШС өндірістік алаңында кәсіпорын еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік...

Толығырақ...Details

Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

05.03.2026
Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

Абай облысында жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда Жобаның басты мақсаты —...

Толығырақ...Details

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

05.03.2026
Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

Абай гарнизонындағы 44293 әскери бөлімінде ҚР ҚК Тыл бастығы басқармасының база сержанттарына арналған командирлік даярлық жиыны өткізілуде. Аталған жиынның басты...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

11 часов бұрын

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық

11 часов бұрын

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

11 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ «СИЛИКАТ» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

11 часов бұрын

Абай облысында кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жалғасуда

19 часов бұрын

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

20 часов бұрын

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен референдумның маңызы сараланды

20 часов бұрын

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

21 час бұрын

Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог

21 час бұрын

Жаңа Конституция және мәдениет: рухани қауіпсіздік пен ұлттық бірегейліктің кепілі

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС