"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ СЕНІМІ — БИІК МӘРТЕБЕ

29.03.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Наурыздың 20 күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен деңгейлік мәслихаттар сайлауы еліміз үшін маңызы зор саяси науқан болғаны анық. Қазіргі қалыптасқан жаһандық күрделі экономикалық ахуалда депутаттар құрамы қайта жасақталып, еліміз үшін жаңғырып, жаңаруға бастар шараларға ұйытқы болуы ләзім. Бұл ретте облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркеліп, сайлаушылардың сеніміне үміт арттым. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде өзім саяси додаға түсіп жатқан округ бойынша дауыс берушілермен кездесулер өткізіп, бағдарламамның басымдықтарымен таныстырғаным көпшіліктің жадында болар. Осы орайда өңірімізді әлеуметтік-экономикалық һәм өзге де салалар бойынша өркендету жолындағы жоспарларыма қолдау білдіріп, сенім артып дауыс берген электорат саны мол болды. Ел сеніміне енудің өзі бір бақыт. Ал оны ойдағыдай орындау — басты мұрат. Сол елдің перзенті үшін де абыройлы борыш екені анық. Осынау сында қолдап, ел ертеңіне селқос қарамай сайлау учаскелеріне келген және менің кандидатурам үшін дауыс берген барша тұрғындарға зор алғысымды білдіремін. Біз бірлескенде үлкен күшпіз. Өңірімізді өркендету жолында атқарушы билікпен бірлесіп атқарар алдағы меже ауқымды. Бұл жолда сіздердің сенімдеріңізден шығуға тырысамын. Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаты ретінде сіздердің мүдделеріңіз жолында қызмет етуге әрдайым әзірмін.

Құрметпен, Риза МОЛДАШЕВА,

№18 сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының депутаты.

Құрметті сайлаушылар! 20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар сайлауында, бүкіл қазақстандықтар секілді, семейліктер де өзінің болашағы үшін, елінің ертеңі үшін өз таңдауларын жасады. Бұл – қазақстандықтардың ел ертеңіне деген сенімі. Бұл сайлауда маған сенім артып дауыс бергендеріңіз үшін, өз атымнан, партияластарымның атынан сіздерге зор ризашылық білдіремін. Штаб мүшелеріне, сенімді өкілдерге, еріктілерге, сайлаудың өтуіне үн, күш қосқан барша семейліктерге алғыс айтамын. Қазіргі таңда әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауалды тұғырнамасындағы сайлаушыларға берген уәделерін орындауға барлық мүмкіндіктер бар. Сондықтан баршамыз «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын бір кісідей қолдай отырып, елімізді өркендетуге, Тәуелсіздігімізді баянды етуге күш жұмсайық!

Ізгі ниетпен, Дариға ДАЙРОВА,

№24 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаты.

Құрметті сайлаушылар! Баршаларыңызға ҚР Парламенті Мәжілісі және деңгейлік мәслихаттар сайлауында белсенділік танытқандарыңыз үшін, менің кандидатурамды қолдап дауыс бергендеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Депутаттық мандат – сайлаушының үміті мен сенімі. Оны адал қызметпен ақтай білу парыз.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, сіздер үміт артқан депутат ретінде, алға қойған мақсаттарды еңсеру жолында күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.  Міндетіміз айқын, меже белгіленген. Бүгінде еліміз барша әлемге танылып, аз ғана уақыт ішінде ауқымды жетістіктерге жетті. Осы жолғы сайлауда да Мәңгілік Ел болуға деген ұмтылысымызды әлемге көрсетіп, дәлелдеп, ұйымшылдықпен дауыс бердік. Мұның барлығын жас ұрпақтың ертеңі, болашағы, бақыты үшін жасалынып жатқан қадамдар деп санаймын. Осынау жолда қажымай-талмай қызмет ету азаматтық парызым болмақ. Алдағы уақытта Ұлы Даланың жарқын болашағы үшін талмай еңбек етіп, Тәуелсіздігіміздің баяндылығы жолында азаматтық борышымды адал атқарамын деген сенімдемін!

Ілтипатпен, Андрей АЛТАЙБАЕВ,

№18 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаты.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

13 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

13 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

13 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС