"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ — ОРТАҚ ІС

01.04.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында қаланың сол жағалауының тұрғындары игілікті бастаманың куәсі болды. Дәлірек айтқанда, «Металлист» ЖШС-нің бас директоры Айдос  Серікқалиұлы мен Семей қаласы әкімінің қоғамдық кеңесшісі Жасұлан Құрманғалиевтың бастамасымен шаһардың сол жағалауындағы қалалық Офицерлер үйі маңында орналасқан демалыс орнына көріктендіру, көркейту жұмыстары жүргізілді.

Жол бойындағы демалыс орнын көріктендіру мәселесін қала тұрғыны Гүлдана Әмренова қала әкімінің жуырда өткен есептік кездесуінде көтерген екен. Жас белсенді Жасұлан Құрманғалиев пен кәсіпкер Айдос Серікқалиұлы аталмыш мәселені жерге қалдырмай, бірден қолға алуға кірісіпті.

— Қала әкімінің Офицерлер үйінде өткен тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне мен де қатысқан болатынмын. Сол кезде қала тұрғыны осы демалыс орнының күл — қоқысқа толы екенін жеткізді. Осы ақпаратқа қанық болғаннан кейін Айдос Серікқалиұлымен бірге бұл мәселені ретке келтіруді ойластырдық. Ағаштарды әктеп, орындықтарды қалпына келтіріп, айналаны тазартатын боламыз. «Металлист» кәсіпорнының қызметкерлері де бұл шараға қатысуға ниет танытты. Бұған қоса осы жердегі жарық шамдарды ретке келтіріп, оған электр қуатын тарту көзделуде. Сонымен қатар ағаш отырғызуды да жоспарлап отырмыз. Қала  тазалығын сақтау барлық семейліктердің ортақ шаруасы деп білемін. Сондықтан да әр қала тұрғыны өз аудандарын тазалап, оны көркейтуге атсалысса, қаламыз көркейе түсер еді. Осы бағыттағы шараларды шаһардың өзге де аудандарында жалғастыратын боламыз. Ол алдағы уақыттың еншісінде,- дейді Жасұлан Құрманғалиев.

Белсенділердің атқарған жұмыстарын өз көзімен көрген Гүлдана Әмренова бастамашыл топқа ризашылығын айтып, енді демалыс орнына серуендеп келетін халықтың саны артатындығына сенімді екенін жеткізді.

— Осы шағын саябаққа жиі келемін. Бұл жерде үнемі тұрмыстық заттардың қалдықтары толып жататын. Жүру мүмкін емес еді. Қаланың азаматшасы ретінде жүрегіміз ауыратын. Әкімнің есептік кездесуінде осы сұрақты көтеруге мүмкіндік туды. Айтқан ұсынысым назардан тыс қалған жоқ. Жасұлан Құрманғалиев пен Айдос Серікқалиұлына айтар алғысым шексіз. Өз қаржыларына бірнеше күн бойы осы саябақты жөнге келтіруде.  Семейде осындай азаматтар көп болса екен. Туған қаламызды таза қалыпта ұстау әр тұрғынның міндеті деп санаймын,- деді Гүлдана Сапарғалиқызы.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

15.12.2025
Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. Салтанатты рәсімге Мәжіліс...

Толығырақ...Details

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

15.12.2025
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп...

Толығырақ...Details

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

15.12.2025
Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы әкімінің қолдауымен, Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты...

Толығырақ...Details

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

15.12.2025
Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. “Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің...

Толығырақ...Details

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

15.12.2025
АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

Өрт сөндіруші - адам өмірін құтқару үшін өз өмірін тәуекелге тігу, қиындықпен бетпе-бет келіп, кез келген сәтте «мен барамын» деп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

15.12.2025
Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

Ерназар ауылдық округіне қарасты «Морозов» орман шаруашылығы мен Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылында 4G мобильді интернет желісі қолданысқа берілді. 🌎Жалпы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

17 часов бұрын

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

18 часов бұрын

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

18 часов бұрын

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

18 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

18 часов бұрын

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

18 часов бұрын

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

20 часов бұрын

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

20 часов бұрын

Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

20 часов бұрын

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

20 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС